Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілі

    БАҚ-пен өзара іс-қимыл туралы

    Функционалдық мiндеттерi:

    Пайдаланушыларға мемлекеттік органның құзыретіне, сондай-ақ оның қызметіне жататын мәселелер бойынша анық және қажетті ақпарат беру.

    Бұқаралық ақпарат құралдарында сұхбаттар, комментарийлер, жарияланымдар әзірлеуге жәрдемдесу.

    Журналистерді және бұқаралық ақпарат құралдарының басқа да өкілдерін уақытша немесе тұрақты аккредиттеуден өткізу, сондай-ақ оларға мемлекеттік органның құзыретіне, сондай-ақ оның қызметіне жататын мәселелер бойынша ақпаратты неғұрлым толық және кеңінен тарату үшін оларға жәрдемдесу.

    Лауазымды адамдардың бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен баспасөз конференцияларын, брифингтерін, сұхбаттары мен кездесулерін ұйымдастыру.

    Интернет-ресурстың қызметін техникалық қамтамасыз ету, оны кешенді реконструкциялау, дизайнын жетілдіру, жаңғырту және жаңа технологияларды енгізу мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу және енгізу.

    Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мерзімдерде ақпаратты пайдаланушылардың келіп түскен сұрауларына жауаптар дайындау.

    Мемлекеттік органның және (немесе) оның бірінші басшысының интернет-ресурсында ақпарат орналастыру.

    Таратылуына Қазақстан Республикасының заңдарында немесе заңды күшіне енген сот актілерінде тыйым салынған немесе өзге де түрде шектеу қойылған ақпаратты қоспағанда, мемлекеттік органның құзыретіне, сондай-ақ оның қызметіне жататын мәселелер бойынша ақпаратты барынша ашуға ықпал ететін өзге де функциялар.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.