Экспорттық бақылау басқармасы
Басқарманың негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
- Міндеттері: экспорттық бақылауға жататын өнімнің Мемлекеттік шекара арқылы өткізілуін бақылау.
Функциялары:
- лицензияларды / рұқсаттарды тіркеуді жүзеге асыру;
- лицензиялар/рұқсаттар бойынша квотаны, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жүргізу;
- СЭҚ қатысушыларына лицензиялардың/рұқсаттардың орындалуы туралы анықтама беру;
- экспорттық бақылау мәселелері бойынша тәуекелдер бейіндерін әзірлеу;
- экспорттық бақылаудың жалпы мәселелері бойынша мемлекеттік органдар құрамындағы жұмыс топтарына қатысу;
- Қазақстан Республикасы қабылдаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экспорттық бақылау шараларының сақталуын, оның ішінде әскери мақсаттағы өнімге қатысты бақылау бойынша өткізу пункттерінің қызметін ұйымдастыру, үйлестіру және мониторингтеу жатады ;
- экспорттық бақылау туралы заңнаманың, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының СЭҚ сақталуына мониторингті және талдауды жүзеге асыру;
- көшпелі тексерулер жүргізу (постбақылау), сертификатталған таразыдасалмақты көлшк бақылау;
- Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша МҚД басшылығына, Комитетке ақпараттық-талдау материалдарын дайындау;
- мемлекеттік органдардан, ұйымдардан келіп түскен деректердің мониторингін және талдауын жүзеге асыру;
- экспорттық бақылау мәселелері бойынша өзге МКД-мен өзара іс-қимыл жасау;
- өткізу пункттерінен түсетін есептерді талдау.
- Міндеттері: Қазақстан Республикасының аумағына баждардың төмендетілген мөлшерлемелері қолданылатын үшінші елдерден әкелінетін тауарларды, сондай – ақ осындай мөлшерлемелердің мөлшерлерін (бұдан әрі-Тізбедегі тауарлар) әкетуге жол бермеуге бақылауды ұйымдастыру.
Функциялары :
- Тізбедегі тауарларды бақылауды ұйымдастыру;
2) мемлекеттік шекара арқылы тізбеден, оның ішінде Комитеттің ақпараттық жүйелерін пайдалана отырып тауарларды өткізуге жол бермеуді бақылау бойынша өткізу пункттерінің қызметін ұйымдастыру, үйлестіру және мониторингтеу;
3) Комитеттің ақпараттық жүйелерінен алынатын тауарларға арналған декларациялардан, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштерден, электрондық шот-фактуралардан, құжаттардан алынған мәліметтер негізінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген және ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар туралы мәліметтерге мониторинг жүргізу және талдау;
4) Тізбедегі тауарларды мемлекеттік шекара арқылы өткізу мәселелері бойынша тәуекелдер бейіндерін әзірлеуге қатысу;
5) тізбедегі тауарларды мемлекеттік шекара арқылы өткізуге жол бермеуді бақылау мәселелері бойынша Департаменттің құрылымдық бөлімшелерімен, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдармен және ведомстволармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
6) тізбедегі тауарларды мемлекеттік шекара арқылы өткізу мәселелері бойынша өткізу пункттерін тексеруді жүзеге асыру;
- Міндеттері: ЕАЭО халықаралық шарттық базасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақта (бұдан әрі – ЕАЭО) тауарларды импорттау/экспорттау, өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде бюджетке ҚҚС түсуінің толықтығын қамтамасыз ету.
Функциялары:
- болжамнан неғұрлым елеулі ауытқулардың себептерін көрсете отырып, импортқа ҚҚС бюджетке түсімінің жай-күйіне талдау жүргізу;
- импортқа ҚҚС түсуінің толықтығын бақылауды жүзеге асыру;
- импортқа ҚҚС бойынша бересінің және артық төлеудің жай-күйіне талдау жүргізу;
- ҚР ӘҚБтК 287-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік шараларын уақытылы қабылдау бөлігінде бересі бар салық төлеушілер бойынша бақылауды жүзеге асыру;
- ЕАЭО шеңберінде ұсынылатын салық есептілігінің нысандары бойынша камералдық бақылауды жүзеге асыру;
- салық төлеушілердің жеке шоттарында бекітілген Салық есептілігі нысандары бойынша есептелген сомаларды көрсету бөлігінде жеке шоттарды түгендеу;
- ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден импортталған тауарлар бойынша уәкілетті мемлекеттік органдардан келіп түсетін мәліметтерге талдау жүргізу;
- аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының ЕАЭО шеңберінде импортқа ҚҚС-ты әкімшілендіру мәселелері бойынша шаралар қабылдауының толықтығы мен уақтылығына мониторингті жүзеге асыру, шолу хаттарын жібереді;
- Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметін тексеруге қатысу;
- Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша салық төлеушілерге салықтық тексерулер жүргізу;
- Басқарманың құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасының нормаларын түсіндіру, семинарлар өткізу, БАҚ-та мәселелерді жариялау бойынша жұмыстар жүргізу;
- Міндеттері: Импортталатын және экспортталатын тауарларды есепке алу және талдау.
Функциялары:
1) салық төлеушілер табыс еткен декларациялар арқылы Қазақстан Республикасының және ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің аумағына импортталатын және экспортталатын тауарларды бақылауды жүзеге асыру және талдау жүргізу, олар бойынша шолу хаттарын дайындау;
2) импорттаушыларды импортқа ҚҚС төлеу мәніне әкімшілендіру;
3) импорттаушыларды әкімшілендіру, ЕВЭС елдерінен импорттан бас тартқан жағдайда, құқық қорғау және өзге де ұйымдармен, сондай-ақ ЕАЭО-ға қатысушы елдермен өзара іс-қимыл жасау.
- Міндеттері: Түсімдердің резервтерін анықтау және бюджетке импортқа ҚҚС түсімдерін ұлғайту жөнінде ұсыныстар енгізу.
Функциялары:
1) Бөлімнің құзыреті бөлігінде тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштер бойынша талдау жүргізу;
2) ЕАЭО шеңберінде импортқа ҚҚС әкімшілендіру мәселелері бойынша басқа мемлекеттік және уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл.
- Құқықтары және міндеттері:
Басқарманың өзіне жүктелген негізгі міндеттерді жүзеге асыру және өз функцияларын жүзеге асыру кезінде заңнамада белгіленген тәртіппен құқықтары мен міндеттері болады:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және (немесе) халықаралық шарттардың ережелеріне сәйкес басқарманың негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті ақпаратты, құжаттарды, сондай-ақ өзге де мәліметтерді сұратады және алады;
2) Басқармаға жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан, заңды және жеке тұлғалардан қажетті ақпаратты сұратады және алады;
3) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешім қабылдау үшін қажетті статистикалық, талдау және басқа да деректерді, құжаттарды, қорытындыларды және өзге де мәліметтерді құрылымдық бөлімшелерден және аумақтық мемлекеттік кірістер органдарынан сұратады және алады;
4) өз құзыреті шегінде аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына орындауға міндетті тапсырмалар жібереді, Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау туралы заңнамасы саласында анықталған бұзушылықтарды жою шараларын қабылдайды;
5) Комитет басшылығының қарауына Басқарманың және аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
6) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың, Комитеттің аумақтық органдарының, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының және өзге де ұйымдардың өтініштерін қарайды;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қорғалатын құпияны сақтайды;
8) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша басқарма қызметкерлері үшін оқыту семинарларына (тренингтерге) қатысады;
9) Басқарма құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізеді;
10) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметін үйлестіреді;
11) Басқарманың құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың, Комитеттің аумақтық органдарының өтініштерін уақтылы, объективті және жан-жақты қарайды және анықталған кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдайды;
12) Басқарманың құзыреті шегінде аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарау барысында қатысады;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.
14) уәкілетті орган бекіткен Мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетеді;
15) Департамент және ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті басшылығының тапсырмаларын уақтылы орындайды;
16) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын сақтайды;
17) Мемлекеттің мүдделерін қорғайды.