Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Мемлекеттік қызметтер комитеті Аналитика және мониторинг басқармасы

    Жалпы ақпарат

    реттеуші:

    • «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметін жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;
    • «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы көрсететін қызметтердің бағаларын қалыптастыру тәртібін әзірлеу;
    • «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы көрсететін қызметтердің бағаларын келісу бөлігінде жұмыс жүргізу;

    іске асырушы:

    • мемлекеттік қызметтердің сапалы және үздіксіз көрсетілуі бөлігінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметіне тексеру жүргізу;
    • мемлекеттік қызметтердің сапалы және үздіксіз көрсетілуі бөлігінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметін ұйымдастыруды және бақылауды жүзеге асыру;
    • Мемлекеттік корпорация инфрақұрылымының жай-күйіне жалпы талдау мен бақылауды жүзеге асыру;
    • Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Мемлекеттік корпорация көрсететін қызметтердің бағаларын белгілеу және келісу бойынша ұсыныстарды тиісті уәкілетті мемлекеттік органдармен және монополияға қарсы органмен дайындау, енгізу және сүйемелдеу;
    • бірыңғай төлемді төлеу, аудару тәртібін, бірыңғай төлем бойынша өсімпұлды және оларды жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдер түрінде (міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын қоспағанда) бөлу, сондай-ақ оларды қайтаруды әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіпті келісуді жүзеге асыру;
    • азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу бойынша көрсетілетін қызметтердің төлем мөлшерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен және монополияға қарсы органмен келісу арқылы айқындауды қамтамасыз ету;
    • Комитет құзыреті шеңберінде Мемлекеттік корпорация қызметі мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауды қамтамасыз ету;
    • өз құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алу жоспары тармақтарының уақтылы және сапалы орындалуын жүзеге асыру;
    • Басқарма жетекшілік ететін бағыттар бойынша бюджеттік өтінімдерге, қаржыландыру жоспарына және мемлекеттік сатып алу жоспарына ұсыныстар дайындауды қамтамасыз ету;
    • құзыреті шегінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметіне тексеру жүргізу;
    • «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметін үйлестіруді және оның қызмет көрсетушілермен өзара іс-қимылын жүзеге асыру;
    • «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметін әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
    • ауылдық елді мекендерде Ұлттық пошта операторы көрсететін мемлекеттік қызметтер бойынша шығындарды өтеу қағидаларын әзірлеу;
    • ауылдық елді мекендер тұрғындарының мемлекеттік қызметтерге қол жеткізуін қамтамасыз ету бойынша Ұлттық пошта операторымен өзара іс-қимыл жасау;

    іске асырушы:

    • Басқарманың құзыретіне жататын бақылауға алынған тапсырмалардың орындалуын тексеруді жүзеге асыру;
    • өз құзыреті шегінде Министрлік пен Комитеттің алқаларына, аппараттық кеңестеріне ақпарат дайындау;
    • Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талдамалық материалдарды, ақпаратты, есептерді және өзге де құжаттарды дайындауға қатысу;
    • Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес бюджеттік бағдарламаларда көзделген ай сайынғы және тоқсан сайынғы жұмыстарды қабылдау үшін негіз болып табылатын сәйкестік актілерін, есептерді және өзге де құжаттарды қарау және оларға қол қою бойынша жұмысты ұйымдастыру;
    • Қаржы департаментімен бірлесіп бюджетті жоспарлау, оның орындалуын қамтамасыз ету және басқарманың бюджеттік өтінімін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде қорғау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
    • жетекшілік ететін бағыттар бойынша бюджеттік өтінімдерді, қаржыландыру жоспарларын және мемлекеттік сатып алу жоспарларын қалыптастыру жұмысына қатысу;
    • Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және түсіндірмелер беру.
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.