Қазынашылық процестерін цифрландыру басқармасы
Республикалық бюджеттің атқарылуы, жергілікті бюджеттердің атқарылуына қазынашылық қызмет көрсету, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған қазынашылық ақпараттық жүйелерін жетілдіру.
қазынашылық ақпараттық жүйелерінің іркіліссіз жұмыс істеуі мен қазынашылық ақпараттық жүйелерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Қазынашылық ақпараттық жүйелерінің іркіліссіз жұмыс істеуі мен қазынашылық ақпараттық жүйелерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету:
1) ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі нормаларды, ережелерді, нұсқаулықтарды регламентті әзірлеу;
2) Қаржы министрлігінің ақпараттық қауіпсіздік саясатына сәйкес басқарманың қызметін үйлестіру;
3) қазынашылықтың ақпараттық жүйесінің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне аттестаттық тексеруден, сынақтан өткізу және нормативтік техникалық құжатнамаларын сараптамадан өткізу;
4) «Қазынашылық-клиент» АЖ пайдаланушыларды бақылау және мониторингтеу;
5) шектеу қойылған кабинеттерге кіруді тіркеу бойынша бағдарламалық қамтамасыз етуді әкімшілендіру;
6) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша уәкілетті органмен өзара әрекетесттік және тиісінше үйлестіру, соның ішінде ақпараттық қауіпсіздік саласындағы құқық бұзушылықтарды табу және болдырмау бойынша бірыңғай шаралар өткізу;
7) комитеттің құрылымдық және аумақтық органдарының қызметіне жоспарлы және жоспардан тыс ақпараттық қауіпсіздік бойынша тексеріс;
8) комитеттің құрылымдық және аумақтық органдарының ағымдағы қажеттілігіне ақпараттық қауіпсіздік бойынша шаралар мен ережелердің сәйкестігін үнемі бағалауды жүзеге асыру;
9) комитет басшылығына ақпараттық қауіпсіздікті ұйымдастыру бойынша жағдайы туралы есеп беру, стандарттан тыс жағдай туындаған жағдайда басшылыққа дер кезінде хабарлау;
10) ақпараттық қазынашылық жүйелеріндегі сақтаулы және өңделген ақпаратты рұқсат берілмей кіруден, көшіру және тарату, бүлдіру немесе жоғалту, немесе біле тұра жалған ақпарат енгізуінен қорғау бойынша шараларды қабылдау.
11) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша халықаралық тәжірибиені үйрену және қолдану;