ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетінің Экономиканың нақты секторын цифрландыру басқармасы
Жалпы ақпарат
- экономиканың нақты секторында цифрлық жобаларды іске асыру бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;
- нақты сектор салаларын цифрландыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс топтары мен жобалық кеңселердің жұмысын ұйымдастыру;
- ведомствоаралық өзара іс-қимыл бөлігінде жобалардың негізгі параметрлерін (іске асыру мерзімдері, күтілетін нәтижелер, тиімділік көрсеткіштері) келісу;
- нақты сектор салаларын цифрландырудағы жүйелі кедергілер мен тар орындарды айқындау, оларды жою бойынша ұсыныстар әзірлеу;
- экономиканың нақты секторында цифрлық бастамалар мен платформалық шешімдерді енгізуді үйлестіру және оларды басымдыққа қою;
- нақты секторды цифрлық трансформациялау бойынша мемлекеттік органдар мен салалық ұйымдардың ұсыныстарын жинау, талдау және шоғырландыру;
- жетекшілік ететін нақты сектор салаларын цифрландырудың KPI-ларын (негізгі тиімділік көрсеткіштерін) қалыптастыру, келісу және мониторинг жүргізу;
- экономиканың нақты сектор салаларына жетекшілік ететін орталық мемлекеттік органдардың цифрлық трансформациялау жол карталарының іске асырылуына мониторинг жүргізу;
- экономиканың нақты секторында ведомствоаралық цифрлық бастамаларды іске асыруды үйлестіру;
- нақты сектор салаларын цифрландыру мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
- экономиканың нақты секторын цифрлық трансформациялау мәселелері бойынша ақпараттық-талдамалық материалдар, анықтамалар және ұсыныстар дайындау;
- Басқарманың құзыреті шегінде нақты сектор салаларын цифрландыру мәселелері бойынша талқылауларға, кеңестерге және жұмыс топтарына қатысу;
- Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
- Басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алу конкурстарын өткізуді қамтамасыз етуге қатысу;
- Министрлік басшылығы жүктеген экономиканың нақты секторын цифрландыруды үйлестіру және мониторинг жүргізу бөлігіндегі өзге де функцияларды орындау.