Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетінің Сараптама басқармасы

    Жалпы ақпарат
    • Сараптама шеңберінде көзделген ай сайынғы және тоқсан сайынғы жұмыстарды қабылдауға негіз болатын актілерді қабылдауды, есептерді және өзге де құжаттарды тексеруді жүзеге асыру;
    • Әлеуметтік-экономикалық саладағы «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту үшін ақпараттандыру саласындағы техникалық шарттарға сараптама жасау және қорытындылар беру;
    • Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ұсынған әлеуметтік-экономикалық салаларды ақпараттандыру саласындағы шығыстардың есеп-қисабын сараптау және қорытындылар беру.
    • «Электрондық үкіметтің» сәулет порталында әлеуметтік-экономикалық саладағы «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді жазуды ұйымдастыру;
    • Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасына, әлеуметтік-экономикалық саладағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының бизнес-жоспарына салалық қорытындыны қарау және беру;
    • Ақпараттандыру саласындағы инвестициялық ұсыныстарға, әлеуметтік-экономикалық саладағы бюджеттік инвестицияларға қаржылық-экономикалық негіздемеге қорытынды беру;
    • Министрліктің Даму жоспары мен Операциялық жоспары іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау, нысаналы индикаторлар мен нәтижелік көрсеткіштерге қол жеткізу жөніндегі жұмысты орындау;
    • Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін уақтылы және сапалы қарастыру;
    • Жоспарланған кезеңге арналған Комитеттің бюджеттік өтінімін әзірлеу және оны уәкілетті мемлекеттік органда қорғау бойынша жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ Комитеттің республикалық бюджеттік бағдарламалары бойынша бюджет қаражатын игеру барысына мониторинг жүргізу жұмыстарын ұйымдастыру;
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.