Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі
Бөлімнің негізгі міндеттері мен функциялары:
1) тұрғын үй-коммуналдық саласындағы мемлекеттік саясат пен нысаналы бағдарламалардың іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру;
2) сапалы тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді қамтамасыз ету мақсатында бірыңғай тұрғын үй-коммуналдық саясаттың жүргізілуін бақылауды жүзеге асырады;
3) коммуналдық қызметтер көрсету саласында жұмыс істейтін мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың қаржы-экономикалық қызметін талдайды;
4) қалалық, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және коммуналдық кәсіпорындар бөлімдерінің қызметін үйлестіреді;
5) жылумен жабдықтау көздерінің, тұрғын үйлерінің, әлеуметтік және коммуналдық маңызы бар объектілерінің қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындығын бақылауды, ақпаратты жинауды және талдауды жүзеге асырады;
6) Өз құзыреті шегінде облыстың елді мекендерінде тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару және абаттандыру бойынша жұмыстардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
7) облыстың бюджеттік және коммуналдық қазандықтары үшін отын дайындауды және оған баға белгілеуді бақылауды жүзеге асыру;
8) халқының пайдаланылған коммуналдық қызметтер үшін, облыс кәсіпорындары мен ұйымдарының борышы бойынша ақпаратты жинауды және талдауды жүргізеді;
9) тұрғын үй-коммуналдық қызметтердің қолданыстағы тарифтері мен бағалары туралы талдау жүргізеді;
10) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін техникалық тексеруді ұйымдастыру бойынша мониторингті жүзеге асырады;
11) Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бірыңғай бағдарламасы және Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде жүргізілетін құрылыс және қалпына келтіру жұмыстарын бақылауды және мониторингті, тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуді жүзеге асырады;
12) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы аумақтарды дамыту бағдарламасы шеңберінде жобалардың іске асырылуын бақылайды.