Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылау және астық, тұқым шаруашылығы саласындағы бақылау функцияларын қамтамасыз ету басқармасы
Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылау және астық, тұқым шаруашылығы саласындағы бақылау функцияларын қамтамасыз ету басқармасы - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің реттеу, іске асыру және бақылау функцияларын орындайтын, сондай-ақ асыл тұқымды мал, астық, тұқым шаруашылығы саласындағы стратегиялық функцияларды орындауға қатысатын құрылымдық бөлімшесі
Мақсаты: реттеу, іске асыру және бақылау функцияларын орындау, сондай-ақ асыл тұқымды мал, астық, тұқым шаруашылығы саласындағы стратегиялық функцияларды орындауға қатысу.
Міндеттері:
1) Басқармаға жүктелген міндеттер мен функцияларды уақтылы және сапалы орындайды;
2) Басқармаға жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыру үшін Комитет құзыреті шегінде өзге де міндеттерді жүзеге асырады.
Функциялары:
1) асыл тұқымды мал, астық, тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен қоғамдық ұйымдарында оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша басқарма мен Комитетті (басшылықтың тапсырмасы бойынша) ұсынады;
3) асыл тұқымды мал, астық, тұқым шаруашылығы саласында жасалған келісімдерге сәйкес халықаралық нормалар мен талаптардың орындалуын қамтамасыз етеді;
4) асыл тұқымды мал, астық, тұқым шаруашылығы саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
5) асыл тұқымды мал, астық, тұқым шаруашылығы саласындағы халықаралық шарттарды әзірлеуге қатысады;
6) астық нарығының мониторингін жүзеге асырады;
7) Қазақстан Республикасының Астық туралы заңнамасының анықталған бұзушылықтары бойынша астық қабылдау кәсіпорындары мен жергілікті атқарушы органдарға берілген нұсқамалар туралы ақпаратты (есептерді) жинауды және талдауды жүзеге асырады;
8) Жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының Астық туралы заңнамасын сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;
9) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асырады;
10) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекіткен статистикалық әдіснамаға сәйкес ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізеді және асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы статистикалық ақпаратты қалыптастыруды қамтамасыз етеді;
11) Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылған Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізеді және шығарады;
12) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтің басталғаны туралы Жеке және заңды тұлғалардан хабарламалар қабылдауды жүзеге асырады;
13) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтің басталғаны туралы уәкілетті органды хабардар еткен жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізеді және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
14) асыл тұқымды малдардың мемлекеттік тіркелімі деректерінің мониторингін жүргізеді және оның нәтижелері туралы мүдделі тұлғаларды хабардар етеді;
15) мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктерді сынақтан және байқаудан өткізеді;
16) Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
17) бюджеттік субсидиялар алған жеке және заңды тұлғаларда селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың, оның есебі мен есептілігінің жай-күйіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
18) өткізілетін асыл тұқымдық өнімге (материалға) осы асыл тұқымдық куәліктердің дұрыстығына бақылауды жүзеге асырады;
19) асыл тұқымдық куәліктерде көрсетілген деректердің дұрыстығын тексереді;
20) жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасын сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
21) белгіленген мерзімде келіп түскен құжаттарды, азаматтардың өтініштерін, Комитет басшылығының тапсырмаларын орындайды;
22) астық қабылдау кәсіпорындарының олардың біліктілік талаптарына сәйкестігіне жыл сайынғы тексеру жүргізуге қатысады;
23) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады;
24) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен қоғамдық ұйымдарында оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша басқарма мен Комитетті (басшылықтың тапсырмасы бойынша) ұсынады;
25) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады;
26) асыл тұқымды мал, астық, тұқым шаруашылығы жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру тәртібі мен тәсілдерін регламенттейтін әдістерді, әдістемелерді, ұсынымдарды әзірлеуге қатысады.