Тауарлар бойынша мемлекеттік сатып алу басқармасы

    Жалпы ақпарат

    Басқарманыңнегізгі міндеттері, функциялары.

    1. Міндет: уәкілетті орган айқындайтын тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер тізбесі бойынша орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерінің орындалуын қамтамасыз ету.

    Функциялары:

    • Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге арналған тапсырманы Жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер бойынша тапсырыс берушілермен қарым-қатынас басқармасынан қабылдау;
    • өткізілетін мемлекеттік сатып алуға Басқарма қызметкерлерінен тағайындалатын және тапсырыс берушінің өкілдері кіретін конкурстық (аукциондық) комиссияларды қалыптастыру;
    • өткізілетін мемлекеттік сатып алуға конкурстық (аукциондық) комиссиялардың хатшылары немесе мүшелері ретінде қатысу;
    • Комитет құзыреті шегінде конкурстық және аукциондық құжаттамалардың ережелерін түсіндіру;
    • комиссия хатшыларының тапсырыс берушілердің ұсынылған тапсырмаларына сәйкес конкурстық (аукциондық) құжаттамалардың жобаларын әзірлеуі және мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастыруы;
    • қажет болған жағдайда конкурстық (аукциондық) құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу бойынша құжаттаманы қалыптастыру;
    • мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде тіркелген, мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың және (немесе) техникалық ерекшеліктердің жобаларына конкурстық (аукциондық) құжаттаманы алған тұлғалар тарапынан хатшылардың тапсырыс берушілерге сауалдар мен ескертулерді уақытылы жіберуі;
    • веб-порталда конкурс өткізілетіні туралы хабарландыруды, аукциондық құжаттаманың жобасын алдын-ала талқылау хаттамасын, болған жағдайда аукционға қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасын, аукционға қатысуға рұқсат беру туралы хаттамасын, конкурстық құжаттаманың жобасын алдын-ала талқылау хаттамасын, бар болған кезде конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасын, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттамаларын хатшылардың уақытылы қалыптастыруы және орналастыруы;
    • біліктілік талаптарына және конкурстық (аукциондық) құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді анықтау мақсатында конкурстық (аукциондық) комиссия мүшелері ретінде қатысатын Басқарма қызметкерлерінің конкурстарға (аукциондарға) қатысуға өтінімдерді қарауы, сондай-ақ әлеуетті өнім берушілерді конкурстарға (аукциондарға) қатысуға жіберу (қабылдамау) туралы шешім қабылдауы;
    • конкурсқа қатысуға бір өтінім берілген жағдайларды қоспағанда, конкурсқа қатысуға өтінім берген әрбір әлеуетті өнім берушіге қатысты мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес конкурстық құжаттамада көзделген өлшемдерге сәйкес шартты жеңілдіктерді қолдану;
    • Басқарманың мемлекеттік органдардың (тапсырыс берушілердің) жүргізілетін мемлекеттік сатып алу бойынша сұрауларына (шағымдарына) ақпаратты (жауаптарды) уақытылы беру;
    • өз құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алу веб-порталын жетілдіруге қатысу;
    • Басқарма қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында Комитеттің басқа басқармаларымен өзара іс-қимыл жасау және Комитет қызметкерлеріне құқықтық жалпы оқытуды ұйымдастыру;
    • Басқарманың құзыреті шегінде өткізілетін мемлекеттік сатып алу бойынша түсініктемелер беру, заңнама және оны қолдану тәжірибесі бойынша ұсынымдар әзірлеу, ақпараттық материалдарды жіберу жолымен заңнама нормаларын қолдану мәселелері бойынша жұмыстарды жүргізу;
    • мемлекеттік сатып алуды өткізудің халықаралық тәжірибесін зерделеу;
    • соттарда және басқа да мемлекеттік органдарда Комитеттің мүдделерін білдіру және қорғау үшін Комитетпен өткізілетін мемлекеттік сатып алулар бойынша материалдарды дайындау;
    • Заң қызметі басқармасымен, сондай-ақ Комитеттің басқа бөлімшелерімен нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу бойынша жұмыс топтарында өзара іс-қимыл жасау;
    • Басқармаға жүктелген міндеттерді іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.