Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму, министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті Функционалдық коммуникацияларды үйлестіру басқармасы
Жалпы ақпарат
- басқарма құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге және келісуге қатысады;
- мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесінің өзге де цифрлық жүйелермен ақпараттық өзара іс-қимыл жасау қағидаларын әзірлейді;
- қызмет көрсетушінің мемлекеттік қызмет көрсету кезеңі туралы деректерді мемлекеттік қызметт
- мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру процестеріне бағалау жүргізеді;
- мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды;
- Басқарма құзыреті шегінде бюджетті қалыптастыру және мемлекеттік сатып алу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;
- өз құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары тармақтарының уақтылы және сапалы орындалуын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген мерзімдерде мемлекеттік сатып алу порталында дауыс беруді жүзеге асырады;
- Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес байланыс бағдарламаларында көзделген ай сайынғы және тоқсан сайынғы жұмыстарды қабылдау үшін негіз болатын сәйкестік актілерін, есептерді және өзге де құжаттарды қарау және қол қою жұмыстарын ұйымдастырады;
- жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау және өңдеу жөніндегі цифрлық жүйені сүйемелдеуді ұйымдастырады.
- Міндет: Мемлекеттік және коммерциялық қызметтерді әзірлеу мен жетілдіру жөніндегі техникалық құжаттаманы келісу және бекіту, сондай-ақ цифрлық жүйелердің жұмысын мониторингтеу.
- Функциялар:
- мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру, оларды электрондық форматта ұсыну бойынша әлемдік тәжірибені зерделеу жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
- мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшіруді бақылау мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды үйлестіреді;
- орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта көрсету жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалау жұмысын үйлестіреді;
- бірыңғай байланыс орталығының жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді.
- Міндет: Министрлік, оның ведомстволары, аумақтық органдары мен бөлімшелері, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылауды, бағалауды және арттыруды қамтамасыз ету.
- Функциялар:
- Бірыңғай байланыс орталығы қызметінің қағидаларын әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз етеді;
- Бірыңғай байланыс орталығының қызметі және оның орталық мемлекеттік органдармен, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен, сондай-ақ қызмет көрсетушілермен өзара іс-қимылы қағидаларын әзірлейді;
- «111» байланыс орталығының қызметі және оның орталық мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылы қағидаларын әзірлейді;
- «111» байланыс орталығының қызметін ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
- әкімшілік органдардың байланыс орталықтарының жұмысын ұйымдастыру бойынша үлгілік талаптарды әзірлейді;
- әкімшілік органдардың байланыс орталықтарының жеке және заңды тұлғаларды ақпараттандыру және олардың жұмысын ұйымдастыру жөніндегі үлгілік талаптарды іске асыру қызметін үйлестіреді;
- мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін автоматтандыру және оңтайландыру бөлігінде ұсыныстар әзірлеуді қамтамасыз етеді;
- құрылымдық бөлімшелердің мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау жүргізуін мониторингтеуді жүзеге асырады;
- электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бағалауды жүргізеді.