Управление образования Актюбинской области
Бөлім білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруді және негізгі орта, жалпы білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын солармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады; Мемлекеттік тапсырыс негізінде техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін жыл сайын қағаз және электрондық жеткізгіштерде оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін сатып алуды және жеткізуді қамтамасыз етеді; Мемлекеттік білім беру ұйымдарының (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) және мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады; Жыл сайын белгіленген мерзімдерде білім саласындағы уәкілетті органның білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесінде статистикалық байқаулар деректерін жинауды қамтамасыз етеді; Білім алудың қолжетімділігін арттыру мақсатымен мектептердің орын тапшылығына, үш ауысымдағы мектептер, апаттық жағдайдағы мектептер мониторингін жүзеге асырады; Аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру оларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау арқылы жүзеге асырады. Ақтөбе облысы әкімдігінің білім беру бағыты бойынша жобалық басқаруды енгізу шеңберінде жобалардың іске асырылуын қамтамасыз етеді. Жобалық басқарудағы жобаның бағытталған мақсатына жету үшін әр жобаның кешенді шараларын жасақтауға қатысады және олардың іске асырылуын бекітпес бұрын талдау жүргізеді, жобаның мақсатты міндеттерін тиісті ұйымдармен келіседі. Жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына қатысты конкурсты не тікелей келіссөздерді ұйымдастырады; Жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарын жасасады; Жергілікті жобалардың іске асырылу мониторингі бойынша жиынтық есепті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді; Өз құзыреті шегінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады; Білім басқармасына бағыныстағы облыстық коммуналдық мүлікті облыстық коммуналдық заңды тұлғаларға бекіту және коммуналдық мүліктерді шығыстау үшін келісім береді; Өз құзіреті шегінде тиісті саладағы мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады; Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерінің қолжетімділігін қамтамасыз етеді; Облыс бойынша білім беру ұйымдарындағы және оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жабдықтармен қамту жұмыстарын үйлестіреді; Жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. «Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Бөлім басшысы:
Урдабаева Ляззат Елтаевна
Телефон: 8 (7132) 74 76 24
E-mail: [email protected]