Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Мемлекеттік қызметтер комитетінің Цифрлық үкіметтің жұмыс істеуін ұйымдастыру басқармасы
Жалпы ақпарат
стратегиялық:
- мемлекеттік қызметтер саласындағы «цифрлық үкіметтің» фронт-офистік және шлюздік ақпараттық жүйелерінің тұрақты әрі үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды тұрақты негізде әзірлеу.
реттеушілік:
- мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру, мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелердің интеграциялық өзара іс-қимылын ұйымдастыру мәселелері бойынша мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасайды;
- Басқарма құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге және келісуге қатысады, сондай-ақ әзірлеушісі Басқарма болып табылатын не Басқарма құзыретіне кіретін актілерге қатысты құқықтық мониторинг жүргізеді;
- «цифрлық үкімет» ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларын әзірлейді және олардың бекітілуін қамтамасыз етеді;
- «цифрлық үкіметтің» сыртқы шлюзінің жұмыс істеу қағидалары мен техникалық талаптарын әзірлейді;
- «цифрлық үкіметтің» сыртқы шлюзінің жұмыс істеу қағидалары мен техникалық талаптарының бекітілуін қамтамасыз етеді;
- банктердің мемлекеттік органдарға, соттарға «цифрлық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы бюджетке төлемдер төлеуге, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды аударуға, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді төлеуге байланысты жүзеге асырылған төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы мәліметтер мен ақпарат ұсыну қағидаларын әзірлейді;
- қызмет алушыны аутентификациялау тәсілін айқындау мақсатында мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда сыныптау қағидаларын әзірлеуді қамтамасыз етеді;
- ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы алынған мемлекеттік және өзге де қызметтер көрсету нәтижелерінің міндетті деректемелерін және олардың дұрыстығын тексеру тәртібін әзірлеуді қамтамасыз етеді;
- монополияға қарсы органмен келісу бойынша «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды белгілеуді қамтамасыз етеді;
- рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен бірлескен бұйрықты әзірлеуді қамтамасыз етеді, онда автоматтандыруға жататын және жатпайтын рұқсаттардың тізбесі бекітіледі;
- өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат талаптарына сәйкестігін тексеру және рұқсат беру не дәлелді бас тарту автоматты режимде жүзеге асырылатын рұқсаттар тізбесін әзірлеуді, сондай-ақ рұқсаттар және хабарламалар мемлекеттік ақпараттық жүйесінде өтініш берушіні тексеру мен рұқсат беруді қамтамасыз етеді.
іске асырушылық:
- мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру жоспарларын келісуге қатысады, оларға консультациялық көмек көрсетеді;
- Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес байланыс бағдарламаларында көзделген ай сайынғы және тоқсан сайынғы жұмыстарды қабылдауға негіз болатын сәйкестік актілерін, есептерді және өзге де құжаттарды қарау және қол қою жұмыстарын ұйымдастырады;
- цифрлық объектілерді интеграциялау мәселелері бойынша ұсыныстар енгізеді, интеграциялау және интеграцияны тоқтату мүмкіндігін қарайды;
- азаматтардың өтініштерін қарайды және қолданыстағы заңнама шеңберінде қажетті түсіндірмелер береді;
- мемлекеттік қызметтер мен сервистерді сыртқы платформаларға шығару бойынша жұмысты ұйымдастырады;
- интеграциялық өзара іс-қимылдың барлық қатысушылары үшін «Smart Bridge» сервистер витринасында интеграцияға арналған өтінімдерді қараудың уақтылығын бақылауды жүзеге асырады;
- мемлекеттік органдармен бірлесіп лицензиялау рәсімдерін оңтайландыру, автоматтандыру және цифрландыру жөніндегі ұсыныстарды НҚА-ға сәйкес әзірлейді және жетілдіреді;
- рұқсаттар және хабарламалардың мемлекеттік дерекқорының, «цифрлық үкімет» шлюзінің және оның компоненттерінің (сыртқы шлюз, бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат, бірыңғай электрондық деректер қоймасы), «цифрлық үкіметтің» төлем шлюзінің, «Ашық үкімет» порталдарының, «Smart Bridge» сервистер витринасының дамуы мен жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету және олардың мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен өзара іс-қимылын бақылау және үйлестіруді жүзеге асырады.