Нотариаттық қызметті ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы
- өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлейді;
- Қазақстан Республикасының заңнамасын өз қызметі саласында қолдану практикасын, оның ішінде "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингінің нәтижелерін талдау мен қорыту және оны жетілдіру Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде тиісті ұсыныстар енгізеді;
- жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарау, сондай-ақ өтініш иелері көтеретін жүйелі проблемаларға талдау жүргізу және оларды анықтайды;
- адам мен азаматтың, ұйымдар мен мемлекеттердің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау және қорғайды;
- бақылау және қадағалау функциялары берілген мемлекеттік органдардың сұрау салулары бойынша ақпарат береді;
- өз құзыреті шегінде реттеушілік, іске асыру және бақылау функцияларын, стратегиялық функцияларды орындауға қатысу және реттеушілік әсерді талдауды жүзеге асырады;
- Комитеттің құзыреті шегінде Министрліктің даму жоспарында және операциялық жоспарында көзделген іс-шараларды іске асырады;
- өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк органдарға ғылыми-әдiстемелiк және заң көмегін көрсетеді;
- аумақтық әділет органдарының нотариустардың халыққа құқықтық қызмет көрсетуі саласында заңдылықты ұйымдастыру және қамтамасыз ету бойынша қызметіне басшылық жасауды, үйлестіруді және бақылауды жүзеге асырады;
- жеке нотариаттың дамуына жәрдемдесу, жасалатын нотариаттық іс-әрекеттердiң заңдылығы мен жекеше нотариустардың iс жүргiзу қағидаларын сақтауын бақылайды;
- өз құзыреті шегінде нотариат қызметін реттеуді жүзеге асырады;
- ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйені пайдалану қағидаларын әзірлейді;
- ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің тізілімдерін жүргізу тәртібін әзірлейді;
- бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе тізілімдерінің жұмыс істеуі туралы есептілікті ұсыну нысанын әзірлейді;
- Қазақстан Республикасының архивтер және құжаттаманы басқарушы уәкiлеттi мемлекеттiк органымен келiсу арқылы Республикалық нотариаттық палатаның қатысуымен нотариаттық iс жүргiзу жөнiндегі қағидаларды әзірлейді;
- нотариустардың нотариаттық іс-әрекеттердi жасау қағидаларын әзірлейді;
- тағылымдамадан өткен және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды тестілеуден өткізу тәртібі мен шарттарын әзірлейді;
- нотариустардың біліктілігін арттыру туралы ережені келіседі;
- нотариустардың тағылымдамадан өтушілері ретінде тағылымдамадан өту тәртібі туралы ережені келіседі;
- нотариустың үй-жайына қойылатын талаптарды әзірлейді;
- нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу тізілімдерінің (оның ішінде бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің электрондық тізілімінің), нотариаттық куәліктер мен қаулылардың, мәмілелердегі және куәландырылатын құжаттардағы куәландыру жазбаларының нысандарын әзірлейді;
- нотариат мәселелері бойынша әдістемелік, нұсқаулық және түсіндіру материалдарын әзірлейді;
- нотариустардың қызметін лицензиялауды жүзеге асырады;
- нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензияны тоқтата тұру, күшiн тоқтату және қайта бастау туралы шешiмдер қабылдау, сондай-ақ нотариустарды лицензияларынан айыру туралы талап қоюларына бастама жасайды;
- нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе қайта бастау туралы шешiмді лицензиардың интернет-ресурсында орналастырады;
- нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың мемлекеттік тізілімін жүргізу, сондай-ақ нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялар берілген адамдар туралы мәліметтерді интернет-ресурста орналастырады;
- нотариустардың жеке және заңды тұлғаларға көрсететін заң көмегінің сапасын бақылауды жүзеге асырады;
- халыққа заң көмегін көрсететін нотариустар заң көмегін көрсету тетіктері, негіздемелері мен шарттары туралы құқықтық ақпарат беруді қамтамасыз етеді;
- ақпараттық қауіпсіздікті сақтайды;
- Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiн сақтайды.