Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Бюджетті атқару жөніндегі есептілік басқармасы
Комитеттің және аумақтық органдарының бюджетін қалыптастыру және оны атқару; Комитеттің және оның аумақтық органдарының бюджеттік бағдарламалары бойынша міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларын дайындау; Комитеттің және оның аумақтық органдарының міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтамаларды қалыптастыру және бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне ұсыну; Комитеттің орталық аппаратының штат кестесін жасау және Комитеттің аумақтық органдарының штат кестелерін қаржыландырудың жиынтық жоспарларына сәйкес келуін тексеру; қажетті тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің жоспарлы номенклатурасын айқындау және жасау; мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеу және бекіту; мемлекеттік сатып алуды жүргізу және үйлестіру; тауарлық-материалдық құндылықтарды есепке алу, сақтау және бөлу; бухгалтерлік есепті жүзеге асыру және есепке алу саясатына сәйкес қаржылық есептілікті қалыптастыру