Республикалық бюджет бойынша есеп беру басқармасы

    Жалпы ақпарат

    Басқарманың қызметіне кіретін негізгі функциялар:

    республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шоғырландырылған қаржылық және бюджеттік есептілігін қабылдауын және тексеруін жүзеге асыру;

    республикалық бюджеттің атқарылуы туралы шоғырландырылған қаржылық есептілігін қалыптастыру;

    Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің құрылымдық бөлімшелерін республикалық бюджет бойынша бюджеттік есептілікпен қамтамасыз ету: республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жедел, айлық, тоқсандық және жылдық есептілік, дебиторлық және кредиторлық берешек туралы жиынтық есептер, тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетін ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы және филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен түсетін ақшаның түсуі мен жұмсалуы туралы жиынтық есептер және белгіленген нысандар бойынша өзге де есептер;

    мемлекеттік бюджеттің атқарылуы туралы шоғырландырылған қаржылық есептілікті қалыптастыру.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.