Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Мемлекеттік қызметтер комитеті Мемлекеттік қызметтерді перспективалық дамыту басқармасы
Жалпы ақпарат
- мемлекеттік қызметтер саласына заманауи технологияларды енгізуді үйлестіру.
- Стратегиялық функциялар:
- мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру бойынша халықаралық тәжірибені зерделеу;
- Басқарманың құзыреті бөлігінде цифрлық дамудың тұжырымдамаларын, стратегияларын және жол карталарын әзірлеуге қатысу.
- Реттеуші функциялар:
- мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және цифрлық сервистер саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге, келісуге және сараптама жасауға қатысу;
- мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуі мәселелері бойынша мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасау;
- мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу;
- проактивті мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін әзірлеу.
- Іске асырушы функциялар:
- мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру жоспарларын келісуді қамтамасыз ету;
- қызметтерді цифрландыру мәселелері бойынша консультациялық және әдіснамалық қолдау көрсету;
- Басқарманың құзыреті шегінде ақпараттық жүйелерді дамыту және олардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;
- жетекшілік ететін бағыттар бойынша бюджеттік өтінімдерді, қаржыландыру жоспарларын және мемлекеттік сатып алу жоспарларын қалыптастыру жұмысына қатысу;
- Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және түсіндірмелер беру.
- Өз құзыреті шегінде Басқарма:
- жүктелген міндеттерді орындау үшін мемлекеттік органдар мен ұйымдардан қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
- мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру мәселелері бойынша кеңестер мен жұмыс топтарын бастамашылық етуге;
- нормативтік құқықтық актілерді және мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сарапшылар мен мамандарды тартуға;
- қолданыстағы заңнама шеңберінде пилоттық жобалар мен технологиялық эксперименттерді бастамашылық етуге құқылы.
- Басқарма өзіне жүктелген негізгі міндеттер мен функцияларды іске асыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қажетті өкілеттіктерге ие.
- Басқарманы Комитет Төрағасының бұйрығымен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын Басшы басқарады.
- Басқарма басшысы Басқарманың қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.