Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Қызметін ұымдастыру басқармасы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің орта мерзімді кезеңге арналған Стратегиялық жоспарын әзірлеуге қатысу, оны түзету жөнінде ұсыныстар енгізу; Комитеттің құзыретіне кіретін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің орта мерзімді кезеңге арналған Стратегиялық жоспарының іс-шараларын орындау бойынша есепті әзірлеу; Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің тиісті жылға арналған Операциялық жоспарын әзірлеуге қатысу, оны түзету жөнінде ұсыныстар енгізу; Комитеттің құзыретіне кіретін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің тиісті жылға арналған Операциялық жоспарының іс-шараларын орындау бойынша есепті әзірлеу; Басқарма құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу; адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу; Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Wев-сайтына орналастыру үшін Комитет қызметінің қорытындылары туралы ақпаратты әзірлеу; бағдарламалық құжаттар және Комитет қызметінің қорытындылары бойынша талдамалық ақпаратты әзірлеу; Комитеттің жылдық жұмыс жоспарын әзірлеу, оны түзету жөнінде ұсыныстар енгізу; Комитеттің жылдық жұмыс жоспарының мониторингі және Комитеттің жылдық жұмыс жоспарының іс-шараларын орындау бойынша есепті әзірлеу; аумақтық органдардың жылдық жұмыс жоспарларын келісу, оларды түзету жөнінде ұсыныстар енгізу; аумақтық органдардың жұмыс жоспарлары іс-шараларының орындалу мониторингін жүзеге асыру; Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесін пайдалану арқылы құжат айналымын ұйымдастыру, Комитеттің ведомстволық мұрағатында құжаттардың бұзылмай сақталуын және уақытша сақталуын қамтамасыз ету; Комитеттің орталық аппараты және аумақтық органдары бойынша құжат айналымы бойынша ай сайынғы және тоқсан сайынғы есептерді дайындау; Комитеттің бұйрықтарын, шарттарын (келісімшарттарын) тіркеу, есепке алу және бұзылмай сақталуын қамтамасыз ету.
4) мұрағат жұмысын ұйымдастыру, іс номенклатурасын қалыптастыру, құжаттық мұрағаттық материалдар қабылдауды, бұзылмай сақтауды, есепке алуды, беруді және қызметтік мақсаттар үшін пайдалануды қамтамасыз ету;
5) Комитет бұйрықтарының және Комитет қызметкерлері әзірлеген басқа да материалдардың қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндерін түпнұсқасымен салыстыру бөлігінде сараптама ұйымдастыру;
6) жеке және заңды тұлғалардың хаттары мен өтініштерін қарастыру бойынша жұмысты ұйымдастыру;
Комитет басшылығының баяндама жобаларын дайындау, Қаржы министрлігі басшылығының баяндама жобаларына ұсыныстар енгізу;
2) Комитеттің негізгі қызметі жөнінде Комитет Төрағасында немесе оның орынбасарларында өткен кеңестердің хаттамаларын рәсімдеу және онда берілген тапсырмалардың орындалуына бақылау ұйымдастыру; жоғары тұрған органдардың тапсырмалары мен Комитет бұйрықтарының орындалуын бақылауды және тексеруді жүзеге асыру, басшылыққа және Комитет басқармаларының басшыларына орындалу тәртібінің жағдайы туралы апта сайынғы анықтамаларды дайындау;