ҚР ҚМ МКК Персоналды басқару және ішкі әкімшілендіру департаментінің Персоналмен жұмыс басқармасы

    Жалпы ақпарат

    Басқару міндеттерінің бірі комитеттің персоналды басқарудың тұтас жүйесін қалыптастыру болып табылады. Жүктелген міндеттерге сәйкес Басқарма мынадай функцияларды жүзеге асырады: Комитетте кәсіби бейімдеу мен тәлімгерлікті ұйымдастыру, Комитет кадрларының кәсіби дамуын қамтамасыз ету, оның ішінде белгіленген мерзімдерге сәйкес тағылымдамаларды, даярлауды, қайта даярлауды, біліктілігін арттыруды ұйымдастыру жолымен; бұдан басқа:
    1) Мемлекеттік қызметке кіру, қызметті өткеру және тоқтату рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз ету;
    2) кадрларды іріктеуді ұйымдастыру, қызмет өткерумен байланысты құжаттарды ресімдеу, лауазымды адамдардың дербес деректерін есепке алуды жүзеге асыру:
    3) Комитеттің лауазымды тұлғаларының жеке істерін және Комитет төрағасының номенклатуралық лауазымдарын есепке алуды, сақтауды жүргізу, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкерлердің қызметтік тізімдеріне қажетті жазбалар енгізу;
    4) лауазымды адамдардың антын, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шектеулерді қабылдау туралы келісімді жазбаша нысанда тіркеу;
    5) Мемлекеттік қызмет өтілін анықтау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
    6) Комитет қызметкерлерінің әскери есебін жүргізу;
    7) жұмыстан босатылған кезде еңбек кітапшаларын қабылдау, ресімдеу, сақтау және беру, оларға қажетті жазбаларды уақтылы енгізу;
    8) қызмет өтілін және растау мәселелері бойынша мұрағаттық-іздестіру және анықтамалық жұмыстарды жүргізу, тарихи құжаттарды есепке алуды, жүйелендіруді және сақтауды жүзеге асыру;
    қызметкерлердің қызметіне бағалау жүргізуді ұйымдастыру, кадрлық қамтамасыз ету нәтижелеріне және кадр саясаты субъектілерінің жұмыс сапасына бағалау жүргізу, бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін анықтау және есептеу, мансаптық өсуді жоспарлау жөніндегі қызметті үйлестіру және қамтамасыз ету

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.