Мемлекеттік кірістер түсімі басқармасы

    Жалпы ақпарат

    Басқарманың негізгі міндетерріне әртүрлі деңгейлердегі бюджеттер, ҚР Ұлттық қоры, Жәбірленушілерге өтемақы қоры арасындағы түсімдерді бөлу және есепке алу кіреді. Сонымен қатар қазынашылықтың ақпараттық жүйесінде, ЕЭО мүше-мемлекеттердің қолма қол ақшаны бақылау шотына әкелу кедендік баждарының, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомаларын бөлу және есепке алу кіреді.

    ҚР Ұлттық банкте ашылған ҚР Ұлттық қорының қолма қол ақшаны бақылау шотынан ҚР Үкіметінің шотына түсімдер сомаларын аударады.

    Басқарма күнделікті бөлінетін кедендік баждарды ЕЭО мүше-мемлекеттердің қолма қол ақшаны бақылау шотынан ҚР Ұлттық банкте ашылған ЕАО мүше-мемлекеттердің шоттарына аударуды жүзеге асырады.

    Бюджеттерге, ҚР Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, ЕЭО мүше-мемлекеттердің қолма қол ақшаны бақылау шотына түсетін түсімдер бойынша есептіліктерді қалыптастыру, салыстыру және ҚР Қаржы министрлігінің мүдделі құрылымдық бөлімшелеріне, ҚР уәкілетті органдары мен ЕЭО мүше-мемлекеттердің уәкілетті органдарына есептіліктерді, ақпаратты ұсынады.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.