Құқықтық және ұйымдастырушылық жұмыс басқармасы

    Жалпы ақпарат

    Комитеттің қызметінде заңдылықты сақтауды қамтамасыз ету.

    1) келісуге, қол қоюға және дауыс беруге келіп түскен заң жобаларына, өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларына құқықтық сараптама жүргізу;

    2) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері әзірлеген, оның ішінде жобаларды басқа құрылымдық бөлімшелер әзірлеген жағдайда оларды келісу арқылы нормативтік құқықтық актілер, құқықтық актілер жобаларының заңнамалық талаптарға сәйкестігіне құқықтық сараптамаға қатысу, ұйымдастыру және жүргізу;

    3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары мен коммуналдық шаруашылық саласында бақылау және іске асыру функцияларын, елді мекендердің шекарасы (шектері) шегінде сумен жабдықтау және су бұру, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау және газбен жабдықтау саласындағы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге тұрақты негізде мониторингті үйлестіру;

    4) өз құзыреті шегінде Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің қызметінде заңдылықтың сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

    5) Басқарманың құзыреті шегінде заңнаманы қолдану практикасын қорыту;

    6) Комитетте Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау және түсiндiру, мемлекеттiк органда жалпыға бiрдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру;

    7) шарттардың, іс жүргізу құжаттарының, сондай-ақ өзге де құқықтық сипаттағы құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысу;

    8) Комитет пен Ұлттық экономика министрлігі әзірлеген заң жобаларын Қазақстан Республикасының Парламентінен өткізуге қатысу;

    9) қазіргі заманғы техникаларды пайдалана отырып, нормативтiк құқықтық актілерiнiң жүйелендiрiлген есебiн және олардың сақталуын ұйымдастырау;

    10) Комитеттің басқа құрылымдық бөлімшелерімен бірге нормативтік құқықтық актілерді мүдделі мемлекеттік органдардан келісуден өткізуге қатысу;

    11) Комитет төрағасының тапсырмасы бойынша нормативтiк құқықтық актілерiнiң жобаларын әзірлеу және құқықтық сипаттағы басқа құжаттарды дайындау;

    12) заңнамалық актілерде көзделген жағдайда Комитеттің құзыретіне жататын құқықтық мәселелер бойынша Комитеттің атынан түсіндірме дайындау;

    13) шарттардың уақытында жасалуын үйлестіруді, олардың заңнамалық талаптарға сәйкестігін, шарттар бойынша міндеттемелер орындалмаған және тіисінше орындалмаған кезде экономикалық ықпал ету шараларын қолдануды қамтамасыз ету.

    Өз функцияларының шегінде сотта және басқа ұйымдарда Комитеттің мүддесін қорғау.

    1) Комитет қызметінің құқықтық мәселелерін қараған кезде сотта, сондай-ақ басқа ұйымдарда белгіленген тәртіппен Комитеттің мүддесін таныту;

    2) тиісті сот талқылауына әкеп соқтырған негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында Комитеттің қатысуымен даулар бойынша талап арыз жұмысының, сот тәжірибесінің жай-күйін талдау және оларды жою мен кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізу;

    3) заңнамада көзделген негіздер болған жағдайда Комитеттің пайдасына қабылданбаған сот актісіне шағымдану жөніндегі шараларды уақытылы қабылдау, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен прокуратура органдарына қадағалау тәртібінде наразылық білдіру туралы өтініштермен жүгіну;

    4) өз құзыреті шегінде заңды күшіне енген сот актілерін орындау жөніндегі шараларды қабылдауды қамтамасыз ету.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.