Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Мемлекеттік қызметтер комитеті Реинжиниринг басқармасы

    Жалпы ақпарат
    • өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың бизнес-процестерін реинжинирингтеу шеңберінде көзделген ай сайынғы және тоқсан сайынғы жұмыстарды қабылдау үшін негіз болып табылатын сәйкестік актілерін, есептерді және өзге де құжаттарды қарау және оларға қол қою жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
    • мемлекеттік органдардың бизнес-процестерін реинжинирингтеу бөлігінде реттелетін салаларда салааралық және ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру;
    • мемлекеттік органдардың бизнес-процестерін реинжинирингтеуді талдау жөніндегі жұмыстарды әдіснамалық сүйемелдеу;
    • мемлекеттік органдар жүргізген бизнес-процестер реинжинирингі нәтижелері бойынша қорытындыларды қарау және беру;
    • мемлекеттік органдардың цифрлық трансформациялау карталарын олардың мазмұнына, нысаналы көрсеткіштеріне және стратегиялық әрі әдіснамалық талаптарға сәйкестігіне сараптамалық бағалау жүргізе отырып келісу;
    • мемлекеттік басқаруды және экономика салаларын цифрлық трансформациялау жобаларына қатысу;
    • реттелетін салаларда халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
    • жоспарларды әзірлеу және келісу, жобаларды іске асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;
    • жобаның ресурстары мен мүдделі тараптарын айқындау, жобалар бойынша жұмыс топтарының құрамын қалыптастыру және олардың қатысушыларының жұмысын үйлестіру;
    • әзірлеушісі Басқарма болып табылатын актілерге қатысты құқықтық мониторинг жүргізу;
    • Басқарманың құзыреті шеңберінде мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауды қамтамасыз ету;
    • мемлекеттік органдардың ресми сұрауы болған жағдайда заңнама шеңберінде және өз құзыреті шегінде қажетті материалдар мен анықтамаларды ұсыну;
    • өз құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алу жоспары тармақтарының уақтылы және сапалы орындалуын жүзеге асыру;
    • Басқарма жетекшілік ететін бағыттар бойынша бюджеттік өтінімдерге, қаржыландыру жоспарына және мемлекеттік сатып алу жоспарына ұсыныстар дайындауды қамтамасыз ету.
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.