Қарыздарды есепке алу және қаржылық операцияларды жүргізу басқармасы
Үкіметтік сыртқы қарыздардың несие шоттарынан, байланысты гранттар, үкіметтік сыртқы қарыздардың арнайы шоттарынан, республикалық бюджеттен бірлесіп қаржыландыру есебінен қаражаттарды алу бойынша қаржылық рәсімдерді жүзеге асыру және үкіметтік сыртқы қарыздар мен байланысты гранттардың игеруін есепке алу.
Үкіметтік талаптарды тіркеуін қамтамасыз ету және тиісінше есептілікті дайындау.
Үкіметтік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сонымен қатар қарыздарды хеджерлеу мәмілелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметтінің міндеттемелерін өтеуге және оған қызмет көрсетуге төлемдерді жүргізуді іске асыру бойынша сәйкесінше шаралар орындау.
Мемлекеттік қарыздар және бюджеттік кредиттер шеңберінде Қаржы министрлігімен жасасқан шарттарды (келісімдерді) тіркеу бойынша жұмыс ұйымдастыру.