Сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс басқармасы
- Басқарма қылмыстық-атқару жүйесінде өз құзыреті шегінде жұмыс атқаратын және бақылау қызметін жүзеге асыратын ҚАЖ комитетінің құрылымдық бөлінісі болып табылады.
- Басқарма өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарға, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, басқа да нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
- Басқарманың құрылымын, штат санын, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі бекітеді.
- Басқарма:
1) бастықтан;
2) бастық орынбасарынан;
3) тәрбие жұмысын ұйымдастыру тобынан;
4) әдістемелік қамтамасыз ету және әлеуметтік жұмыс тобынан;
5) теологиялык оңалту жұмысын ұйымдастыру тобынан;
6) психологиялық жұмыс тобынан тұрады.
- Басқарманың негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары
және міндеттемелері
- Міндеттері: сотталғандарға тәрбиелік, әлеуметтік-психологиялық, теологиялық оңалту және қоғамдық ықпал ету мәселелерінде ҚАЖ комитетінің қызметін ұйымдастыру, сонымен бірге сотталғандарды түзетудің әлеуметтік-психологиялық процесін әдістемелік қамтамасыз ету.
- Функциялары:
1) ҚАЖ-да ұсталатын адамдармен тәрбиелік, теологиялық оңалту, әлеуметтік-психологиялық процесті ұйымдастыру және жоспарлау;
2) сотталғандарды түзеу мақсатына қол жеткізетін өнегелі, құқықтық, еңбектік, дене тәрбиесі жұмыстарын, сондай-ақ басқа түрлерін қолдануды ұйымдастыру;
3) бас бостандығынан айыруға сотталғандармен олардың түзелуіне бағытталған тәрбиелік, теологиялық оңалту және әлеуметтік-психологиялық жұмыстарды жүргізуді үйлестіру, қоғамдық пайдалы қызметтерді білуге ұмтылыс қалыптастыру, заң талаптарын және басқа да қоғамда қалыптасқан жүріс-тұрыс ережелерін сақтау сотталғандардың білімін, олардың білім алушылық және мәдени деңгейлерін жоғарылату және одан әрі дамыту;
4) сотталғандарды түзетуде қолдануға қатысты тәрбиелік және әлеуметтік-психологиялық әдістемелерді, ұсынымдарды әзірлеу;
5) сотталғандарды қайта әлеуметтендіру мәселелері бойынша басқа ведомстволармен ынтымақтастықты ұйымдастыру;
6) ҚАЖ мекемелеріндегі және аумақтық органдардағы тәрбие қызметтерін бақылау және үйлестіру;
7) Басқарманың құзіретіне жататын мәселелер бойынша Басқарманың мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара әрекеттесуін үйлестіру;
8) Басқарма қызметінің бағыты бойынша ақпараттарды, статистикалық деректерді жинақтау, талдау;
9) ҚАЖ аумақтық бөліністерінің қызметтік әрекеттерінің жан-жақты көрінуін қамтамасыз ететін тәрбиелік, әлеуметтік-психологиялық жұмыстар бойынша есептілік нысандарын және бағалау критерилерін әзірлеу және олардың уақтылы ұснылуы бойынша бақылауды жүзеге асыру;
10) ҚАЖ аумақтық бөліністерінің қызметін тәрбиелік, теологиялық оңалту және әлеуметтік-психологиялық бағыт бойынша кешенді іссапарлар, иснпекторлық, бақылау, мақсатты тексерулер өткізуге қатысу;
11) Ішкі істер министрлігінің және ҚАЖ комитетінің басшылығы жүктеген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
- Құқықтары:
1) Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша ҚАЖ комитеті өткізетін кеңестердің жұмысына қатысу;
2) ҚАЖ комитетінің құрылымдық бөліністерінен, ҚАЖ аумақтық органдарынан және мекемелерінен, сондай-ақ, мемлекеттiк органдардан және өзге ұйымдардан Басқарманың қарауындағы мәселелерге қатысты қажетті материалдар, құжаттар ақпараттар, статистикалық деректер мен өзге де мәліметтерді белгіленген тәртіппен сұрату және алу;
3) Басқарма құзыретіне жататын мәселелерді шешуге қатысу үшін белгіленген тәртіпте ҚАЖ қызметкерлерін тарту;
4) Басқарма қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және әзірлеуге қатысу;
5) ҚАЖ қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
6) Басқарма қызметіне қатысты мәселелер бойынша инспекторлық, кешенді және басқа да тексерістерге қатысу;
7) Басқарма қызметіне қатысты мәселелер бойынша ҚАЖ мекемелерінің қызметіне тексерулер жүргізу;
8) қылмыстық-атқару жүйесінде қызметті жүзеге асырушы мекемелерді, органдар мен ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру, көшіру және тарату туралы ұсыныстар енгізу;
9) оның құзыретіне жататын мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар ұйымдастыру және өткізу;
10) Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
11) басшылықтың тапсырмасы бойынша басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру.
- Міндеттері:
1) ҚАЖ мекемелерінде жазаны өтеудің заңнамада белгіленген тәртібі мен жағдайларын сақтауды қамтамасыз ету;
2) сотталғандармен тәрбие, теологиялық оңалту және әлеуметтік-психологиялық жұмыстарды жетілдіру мәселелерінде Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарымен, білім беру органдарымен және басқа да ұйымдарымен өзара іс-қимлды ұйымдастыру;
3) ҚАЖ-ды дамыту, нығайту және жетілдіру бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
4) сотталғандарға тәрбителік, теологиялық оңалту, әлеуметтік және педагогика-психологиялық ықпал етудің озық тәжірибелерін іс-тәжірибеге енгізу, әлеуметтік-психологиялық жұмыстардың тиімді тәсілдерін жалпылау және пайдалану;
5) Басқарманың құзыретіне қатысты мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте және мерзімде қарастыру;
6) ҚАЖ аумақтық бөліністеріндегі тәрбие, теологиялық оңалту және әлеуметтік-психологиялық қызмет жұмыстарына бақылауды және үйлестіруді жүзеге асыру;