Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасы

    Жалпы ақпарат

    Орындалуын бақылау Департаментке жүктелген Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау, Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатын іске асыруға қатысу, бюджетке ҚҚС түсуінің толықтығы мен уақтылылығын қамтамасыз ету. ҚҚС бойынша жеткізілген көрсеткіштердің орындалуына бақылауды жүзеге асыру, ҚҚС асып кеткен сомасын қайтару туралы салық төлеушілердің талаптары бойынша ҚҚС асып кеткен сомасын бюджеттен қайтарудың негізділігі мен уақтылылығын, оның ішінде ақпараттық жүйелерді (СЕЖС АЖ, БСАЖ/САЭБ АЖ) пайдалана отырып қамтамасыз ету. Акцизді салықтық әкімшілендірудің тиімділігін, бюджетке түсудің толықтығы мен уақтылылығын қамтамасыз ету, салықтың осы түрі бойынша, оның ішінде ақпараттық жүйелерді (Акциз АЖ, "Е-лицензиялау" АЖ) пайдалана отырып жеткізілген көрсеткіштердің орындалуын бақылауды жүзеге асыру, салық төлеушілердің салық заңнамасын, этил спирті мен алкоголь өнімінің, темекі өнімдерінің, тері бұйымдарының айналымы, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің және биоотынның айналымы туралы заңнаманы сақтауын қамтамасыз ету. Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсетуді қамтамасыз ету.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.