Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Малеевка ауылдық округі әкімінің аппараты
Әкім аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес Әкім аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру – құқықтық формасындағы заңды тұлға болып табылады.
Әкім аппараты азаматтық – құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Әкім аппараты Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес, мемлекеттің атынан азаматтық – құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Әкім аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамамен белгіленген тәртіпте және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Әкім аппаратының міндеттері Әкімнің аппараттық- сараптамалық,ұйымдастырушылық-құқықтық және материалды-техникалық қызметін, сонымен қатар жергілікті маңызды мәселелерді шешуін қамтамасыз ету.
Жергілікті қоғамдастық жиналысына ауылдық округінің бағдарламасын әзірлейді.
Азаматтардың ұсынысын, өтініштерін, шағымын қарау, азаматтардың құқығын және бостандығын қорғау бойынша шаралар қолдану.
Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын, заңдары, Қазақстан Республикасы Президенті және Үкіметінің актілерін, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативті құқықтық актілерін азаматтардың және мекемелердің орындауына жәрдемдеседі
Өз құзреті шегінде жер қатынастарын реттеуді жүргізеді.
Елді мекен жерінен мал жайылымы үшін орын белгілейді
Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес округтегі мемлекеттік кызмет көрсетудің қол жетімдігін, сапасын көтеруге, мемлекеттік қызметкөрсетудіңтәртібі туралы ақпараттандыру қамтамасыз ету.
Өзінің құзыреті шегінде әскери міндет және әскери қызмет, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру, сонымен қатар азаматтық қорғаныс саласындағы сұрақтар бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.
Тарихи және мәдени мұраларды сақтау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.
Табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға жұмыспен қамту бойынша, атаулы әлеуметтік көмек беру бойынша ұсыныстар енгізеді, жалғыз басты қарттар мен жұмысқа жарамсыз тұлғаларға үйдегі қызмет көрсетуді ұйымдастырады, оларға қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді.
Мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтік көмек көрсетуді реттейді
Жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына ықпал етеді
Жергілікті өзін өзі басқару органдарымен өз ара іс әрекет етеді.
Округін көріктендіру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.