Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Алтай кенті әкімінің аппараты
Алтайский кенті 1964 жылы құрылған, округ аумағы 776 гектарды құрайды. Округ құрамында 2 елді мекен бар: Алтайский кенті және Калинино ауылы. Халықының саны - 1488 адам, оның ішінде экономикалық белсенді халық саны – 582.
Алтайский кентінің халқы – 1473, оның: 373- зейнеткерлер, 68-мүгедектер, 180- жастар, 221- оқушылар, барлығы Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «Жаңа-Ертіс орта мектебі» мектебінде оқиды,75- мектепке дейінгі балалар.
Кенттің жер қоры барлығы – 577, соның ішінде егістік - 74 гектар, жайылым - 503 гектар.
Кенттің әлеуметтік саласы: АДА - 1, мектеп - 2 (Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «Жаңа-Ертіс ОМ» КММ және Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «Балалар музыка мектебі» КМҚК), сауда объектілері - 11, оның ішінде: аралас тауарлар дүкендері - 10, шаруашылық тауарлары дүкені - 1, «Қазпошта» АҚ бөлімшесі - 1, балабақша - 1, мәдениет үйі - 1, кітапхана - 1, шағын футбол стадионы - 1, қызмет көрсету саласының объектілері - 3 (шаштараз).
"Алтайский кенті әкімнің аппараты ММ Алтайский кенті әкімінің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функциаларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.