Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Белоусовка кенті әкімінің аппараты
Глубокое ауданы Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында орналасқан, Шемонаиха және Ұлан аудандарымен, Алтай ауданымен, Өскемен және Риддер қалаларымен шектеседі. Аудан 1964 жылы құрылған. Аудан аумағы 7,3 мың шаршы км (облыс аумағының 2,6%) құрайды.
Ауданда 40 ауылдық елді мекен бар, оның ішінде 5 кент және 35 ауыл, 17 ауылдық және кенттік округ.
Әкімшілік орталығы-Глубокое кенті, халқы-9,5 мың тұрғын, бұл аудан халқының 15,4% құрайды.
Демографиялық жағдайға әсер ететін негізгі факторлар туудың төмен деңгейі – 10,74 (ШҚО – 15,83), өлім – жітімнің жоғары деңгейі – 13,96, бұл облыстық көрсеткіштен (ШҚО-10,29) асады.
Аудан экономикасының құрылымы
Аудан бойынша өндірілген өнімнің, тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің негізгі үлесі өнеркәсіп саласына тиесілі-35,5%.
Экономиканың өсу факторлары тұтынушылардың жоғары сұранысы және аудандағы инвестициялық белсенділіктің жандануы болды.
