Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының Ушаново ауылдық округі әкімінің аппараты

    Әкімдік туралы

    Ушаново ауылдық округі 2005 жылы құрылған.

    Округ облыс орталығы - Өскемен қаласымен шектеседі. Әкімшілік орталығы -Ушаново ауылы.

    Округ үш ауылды біріктіреді: Ушаново, Степное, Каменный карьері және 12 бау-бақша серіктестігі (Березка, Авиатор, Наука, Автомобилист 1, Автомобилист 2, Үлбі, Спутник, Ертіс, Ертіс 3, Ульбинка, Скалистое, Маяк2). Округтегі экономиканың негізгі саласы ауыл шаруашылығы салалары: өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы (кіші сала - ара шаруашылығы) болып табылады.

    "Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының Ушаново ауылдық округі әкімінің апппараты" мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ әкім аппараты туралы осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.