Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Жаңаауыл ауылдық округі әкімінің аппараты

    Әкімдік туралы

    Жаңаауыл ауылдық округі төрт елді мекеннен тұрады. Жаңаауыл, Жанаталап, Ахметбұлақ, Сарыөлең. Орталығы: Жаңаауыл ауылы. Округ бойынша 01.01.2024 жылға жалпы халық саны -1236 адам. Оның ішінде Жаңаауыл ауылында - 669 адам. Ахметбұлақ ауылында- 203 адам. Жаңаталап ауылында-259 адам. Сарыөлең ауылында – 105 адам тұрады.Ауылдық округ бойынша 01.01.2024 жылға мал басы 7100 бас ірі қара, 28620 бас қой-ешкі, 1950 бас жылқы,1097 бас құс. Округтің жалпы жер көлемі – 122995 га. Ауылшаруашылық мақсатындағы жер – 115000 га, оның ішінде: егістік – 1100 га, шабындық – 1700 га, жайылымдық – 112200 га. Ауылдық округ облыс орталығынан -460, аудан орталығынан -60 шақырым қашықтықта орналасқан.

    Округ бойынша 80 шаруа қожалығы нақты жұмыс істеуде.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.