Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің Әскери институты
Қазақстан тәуелсіздік алған кезеңде жоғары оқу орны бірнеше рет қайта ұйымдастырылды, Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 21 тамыздағы № 1173 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Алматы жоғары әскери училищесі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің «Құрлық әскерлерінің әскери институты» мемлекеттік мекемесі болып қайта аталды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 570 қаулысымен Кеңес Одағының батыры, «Халық Қаһарманы №1», Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі армия генералы Нұрмағамбетов Сағадат Қожахметұлының есімі берілді. «Қорғаныс туралы» ҚРЗ 22-бабының 9-тармақшасына, «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері Әскери институты» РММ Жарғысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 17 маусымдағы №400 бұйрығына (2023 жылғы 16 маусымдағы
№ 604 өзгерістерімен және толықтыруларымен) сәйкес мемлекеттік мекеменің негізгі мақсаты:
1) мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери қызметшілерін жоғары кәсіптік білім беру бойынша даярлау;
2) курстық даярлық шеңберінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер үшін әскери мамандардың біліктілігін арттыру;
3) Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттер үшін Әскери кадрларды даярлау туралы келісім шеңберінде шарттық негізде әскери мамандарды даярлау.
Білім беру қызметі Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті 2024 жылғы 19 қаңтарда берген № KZ81LAA00036088 мемлекеттік лицензиясы негізінде жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 13 қазандағы № 569 бұйрығымен (2020 жылғы 5 маусымдағы № 234 өзгерістерімен) бекітілген
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышына сәйкес Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері Әскери институты Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2024 жылғы 19 қаңтардағы №9 бұйрығымен бекітілген 89. «Әскери іс» кадрларын даярлау бағыты бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензия берілді