Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Батыс Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті

    Жалпы ақпарат

    Департаменттің функциялары:

    1) орталық мемлекеттік органдар болып табылатын республикалық мемлекеттік мекемелердің және мемлекеттік кәсіпорындардың мүлкін беруді қоспағанда, республикалық заңды тұлғаларға бекітілген мүлікті беруді келісу;

    2) орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерін қайта ұйымдастыру және тарату кезінде бөлу, аралық тарату және тарату баланстарын, сондай-ақ тапсыру актілерін бекіту;

    3) республикалық мемлекеттік кәсіпорындарға бекітілген мүлікті сенімгерлік басқаруға беру бойынша шешімді қабылдауды қоспағанда, республикалық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға беру;

    4) жекешелендіру объектісінде мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтары болған жағдайда, сату туралы шешім қабылданғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға және тиісті орталық атқарушы органдарға олар объектіні жекешелендiргенге дейін осы материалдық құндылықтарды бұдан әрі орналастыру туралы шешім қабылдау үшін хабарлау;

    5) республикалық мүлікті, сондай-ақ нарықта үстем немесе монополиялық жағдайға ие табиғи монополия субъектілері немесе нарық субъектілері болып табылмайтын мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды жекешелендіруді жүзеге асыру, объектіні жекешелендіруге дайындау процесінде республикалық мүліктің сақталуын қамтамасыз ету, жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тарту, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз ету, жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

    6) сатып алушының талап етуі бойынша жекешелендiру объектiлерiнiң ауыртпалықтары туралы, сондай-ақ кредиторлық және дебиторлық берешектер сомасы, егер жекешелендiру объектiсi мүлiктiк кешен ретіндегі кәсiпорын болып табылса, жекешелендірілетін кәсіпорынның жасасқан шарттары туралы ақпаратты дайындауды және ұсынуды жүзеге асыру;

    7) республикалық мүлiк мәселелерi бойынша мемлекеттiң мүдделерiн бiлдiру, Қазақстан Республикасына тиесiлi мүлiктiк құқықтарды қорғауды жүзеге асыру;

    8) «Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі туралы» 2003 жылғы 4 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншiктiң мемлекеттiк мониторингiн жүзеге асыруға қатысу;

    9) экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларында болып жатқан өзгерiстердi талдау және өндiргiш күштердiң дамуын болжау мақсатында негiзгi өндiрiстiк-техникалық, технологиялық, қаржы-экономикалық, құқықтық және өзге де параметрлері бойынша мониторинг объектiлерiн қадағалауға қатысу;

    10) республикалық меншіктегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістерді республикалық бюджетке алу;

    11) концессия және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары негізінде құрылған объектілерді республикалық меншікке қабылдауға қатысу;

    12) мемлекеттiк мүлiктiң мақсатқа сай пайдаланылуын бақылауды және артық, пайдаланылмайтын не мақсатқа сай пайдаланылмайтын мүлiктi алып қоюды республикалық мүлiкке қатысты үш жылда кемiнде бiр рет жүзеге асыру;

    13) сыйға тарту шарттарын жасасу, мемлекеттік емес заңды және жеке тұлғалардың мүлкі бойынша қабылдап алу-беру актілеріне қол қою мен бекіту;

    14) оларға меншік құқығын мемлекет сыйға тарту шарты бойынша иеленген мүлiктi есепке алуды мемлекеттiк мүлік тізіліміне ол туралы мәліметтер енгізу жолымен жүргізу;

    15) аумақтық мемлекеттік органға және мекемеге берілген мүлікті тиісті саланың уәкілетті органымен келісім бойынша алып қоюды немесе қайта бөлуді жүзеге асыру;

    16) мемлекеттік мүліктің нысаналы пайдаланылуын бақылау нәтижелері бойынша анықталған аумақтық мемлекеттік органдардың және мекемелердің артық, пайдаланбайтын не мақсатына сай пайдаланбаған мүлкін бақылауды жүзеге асырған кезден бастап алты ай өткен соң тиісті саланың уәкілетті органының келісімінсіз алып қоюды жүзеге асыру;

    17) сатып алу-сату шартын, оның iшiнде өзiнiң қолданысын тоқтатқан шартты орындауға байланысты бақылауды жүзеге асыру кезінде жұмысқа сарапшыларды, сондай-ақ консультациялық, бағалау, аудиторлық және өзге де ұйымдарды тарту;

    18) республикалық мүліктің нысаналы және тиiмдi пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру;

    19) зерттеу жүргiзу тапсырылған тұлғаларды және танысу үшiн ұсынылуға тиiс ақпарат тiзбесiн көрсете отырып, мониторинг объектiсiнiң басшыларын зерттеу жүргiзiлетiнi туралы хабардар ету;

    20) аумақтық мемлекеттік органдардың және мекемелердің мүлкін пайдалануға беру жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыру;

    21) республикалық меншікке жекелеген негіздер бойынша айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

    22) меншiктің мемлекеттiк мониторингiн жүргізу жөніндегі жұмыстарды үйлестіруді жүзеге асыруға қатысу;

    23) меншiктiң мемлекеттiк мониторингінің нысанасы бойынша анық және объективтi талдау үшiн қажеттi ақпаратты сұратуды және алуды жүзеге асыру;

    24) мониторинг объектiлерiн тiкелей зерттеуге, меншiктiң мемлекеттiк мониторингi нысанасына жатқызылатын ақпаратты жинау мен талдауға қатысу үшiн Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының өкiлдерiн тарту;

    25) Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарынан, сондай-ақ мониторинг объектiлерiнен меншiктiң мемлекеттiк мониторингiн жүзеге асыру үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi сұрату мен алуды жүзеге асыру;

    26) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу;

    27) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.