«Жаңаарқа ауданының
Орынбайауылдық округі әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесінің
Е Р Е Ж Е С І
Орынбайауылы - 2022 жыл
1 тарау. Жалпы ережелер
1.«Жаңаарқа ауданының Орынбай ауылдық округі әкімінің аппараты»мемлекеттік мекемесі мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын және аудан әкімі мен ауданның жергілікті атқарушы органының қызметін атқаратын мемлекеттік орган болып табылады.
2.«Жаңаарқа ауданының Орынбай ауылдық округі әкімінің аппараты»мемлекеттік мекемесінде ведомстволар жоқ.
- «Жаңаарқа ауданының Орынбай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
- «Жаңаарқа ауданының Орынбай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
- «Жаңаарқа ауданының Орынбай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтыққатынастарға өз атынан түседі.
- «Жаңаарқа ауданының Орынбай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
- «Жаңаарқа ауданының Орынбай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеме басшысының бекітуімен өкімдер, шешімдер қабылдайды.
- «Жаңаарқа ауданының Орынбай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен шекті штат саны қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі
- Заңды тұлғаның орналасқан жері:
Мемлекеттік мекеменің мекенжайы: 100500, Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданының, Орынбай ауылдық округі Орынбай ауылы, Мектеп көшесі, 7.
- Мемлекеттік органның толық атауы: «Жаңаарқа ауданының Орынбай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
- Осы Ереже «Жаңаарқа ауданының Орынбай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.
- «Жаңаарқа ауданының Орынбай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
- «Жаңаарқа ауданының Орынбай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілер функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Жаңаарқа ауданының Орынбай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жолданады.
2 тарау. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
- 14. «Жаңаарқа ауданының Орынбай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша жергілікті аумақта жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін - өзі басқаруды жүргізеді, тиісті аумақта мемлекеттің саясатын жүргізілуін қамтамасыз етеді, ауылдық округі аумағында орналасқан мекемелер мен ұйымдардың қалыпты жұмыс атқаруына және тиісті аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының жай-күйіне жауапты болады.
- Міндеттері:
«Жаңаарқа ауданының Орынбай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің міндеттері болып:
1) ауылдық округі әкімінің аппараты (әрі қарай -аппарат) қоғамдық ұйымдарымен өз-ара іс қимылын қамтамасыз етеді;
2) аппарат ауыл әкімінің нормативтік – құқықтық сипаттағы актілері жобаларын әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізеді;
3) ауылдық округ әкімінің жиналыстарын, тұрғын халықпен кездесулерінің үйлестіру-құқықтық, материалдық-техникалық, сараптамалық- ақпараттық жұмыстарын ұйымдастырады, әкім аппаратының қызметкерлерінің шаруашылық, қаржылық, материалдық-техникалық, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларына байланысты сұрақтарды шешеді;
4) аппарат жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды, түскен өтініштерді саралайды, мемлекеттік және орыс тілінде жүргізілуін қамтамасыз етеді;
5) номенклатура бойынша, мемлекеттік мұрағатта сақталуға жататын ауыл әкімінің құқықтық актілері мен басқа құжаттарын дайындап, сақталуға жібереді;
6) аппарат кадр саясатын жүргізеді, мемлекеттік органның қызметкерлерді қайта даярлаудан, сынау мерзімінен өткізу, біліктіліктерін көтеру және кадр саясаты бойынша ұсыныстар енгізеді;
7) сыбайлас жемқорлыққа және мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік этикаларына байланысты шаралар әзірлеу және шаралардың орындалысына тиісті жұмыстар жүргізеді;
8) ауылдық округ әкімінің күнделікті жұмысын бұқаралық ақпарат құралдарында үнемі жариялануын қамтамасыз етеді;
9) ауылдық округтің экономикалық және әлеуметтік дамуына және проблемалық сұрақтар бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу, бақылау жүргізеді;
10) аппарат әкімнің күнделікті жұмыстарын ұйыдастырады, ауылдық округ аумағында заңдылық пен құқық бұзушылықты алдын алу бойынша құқық қорғау органдары мен сот органдарымен бірлескен іс –қимылдарды ұйымдастырады;
11) ауылдық округ әкімінің жыл сайынғы халықпен кездесу барысында айтылған тілек - ұсыныстар бойынша тиісті шаралар ұйымдастыру, кездесу барысында аймақтың дамуы бойынша реформалар, іс-шаралардың жоспарларын әзірлейді;
12) жоғарғы атқарушы органдарымен берілген өкілеттік негізінде Қазақстан Республикасының заңдарымен әкімдікке жүктелген міндеттерден бөлек өзге де өкіліктерді жүзеге асырады.
16.Функциялары:
«Жаңаарқа ауданының Орынбай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз өкілеттігі бойынша тікелей өзі не болмаса әкімдіктің құрылымдары арқылы заңанамалық өкілеттіктер заңнамалық актілер негізінде келесі функцияларды жүзеге асырады:
1) Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, облыс, аудан әкімінің және әкімдіктің нормативтік құқықтық актілерінің орындалуына бақылау жүргізеді;
2) ауылдық округ әкімінің нормативтік құқықтық актілері мен тапсырмаларын бақылауға алу және орындалуын қамтамасыз етеді;
3) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру заңнамасы бойынша өз өкілеттігі негізінде ақпараттандыру жүйесі бойынша электрондық қызметтер көрсетуді үйлестіреді;
4) аппарат өздеріне қатысты бекітілген мемлекеттік қызмет көрсету регламентерін орындалуын қамтамасыз етеді;
5) жергілікті қоғамдастық жиынын, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын және жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
6) бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының, жергілікті қоғамдастық жиынының және жиналысының шақырылу уақытын, орнын және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді;
7) жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын әзірлейді және оны жергілікті қоғамдастық жиналысының бекітуіне ұсынады; өз өкілеттігі бойынша мемлекеттік және ауылдық бағдарламаларды әзірлейді және онда көзделген шаралардын орындалуына септігін тигізеді;
8) жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында қабылданған және ауылдық округ әкімдері мақұлдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді;
9)ауылдық округтің бюджетін жоспарлауды және атқаруды қамтамасыз етеді және ауылдық округтің бюджетін іске асыру туралы шешім қабылдайды;
10) жергілікті қоғамдастықтың жиналысына және аудан маслихатына ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы есепті ұсынады;
11) ауылдық округтің әлеуметтік және экономикалық даму бағдарламаларының жоспарларын әзірлеуді ұйымдастырады, олардың орындалысына мониторинг жүргізеді және қамтамасыз етеді, елді мекенінің әлеуметтік және экономикалық дамуы бойынша болжамдар мен ұсыныстарын қалыптастырады;
12) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдеседі;
13)әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті маслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;
14) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының талқылауына жергілікті маңызы бар мәселелерді Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды шығарады;
15) кіріс көздерді қалыптастырады;
16) жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын жүзеге асыруға әкімдермен жолданған ақшаны қабылдау үшін арналған жергілікті өзін-өзі басқарудың, қол ақшаның бақылау шотын бюджетті орындау жөніндегі орталық өкілетті органдар ашуын қамтамасыз етеді;
17) жергілікті өзін-өзі басқарудың жергілікті қоғам жиналысымен келісілген түсімдер жоспарын және ақшаның шығындарды бекітеді;
18) бюджет қаражатын және жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздерін пайдалануға мониторинг жүргізу мақсатында жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысушылар арасынан жергілікті қоғамдастық комиссиясын құрады;
19) ауылдық округтің коммуналдық мүлкіне жататын объектілерді салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырыс беруші болады, сондай-ақ ауылдарда автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуін және күтіп ұстауын жүргізеді;
20) жергілікті өзін - өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің нысаналы және тиімді пайдалануын бақылауды жүзеге асырады;
21) жергілікті өзін- өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын жүзеге асырады;
22) мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі ( жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі)коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға алып қойылған мүлікті кейіннен баланстан шығара отырып, өзге тұлғаға берілгенге дейін күтіп ұстау және оның сақталуын қамтамасыз ету мерзімін белгілейді;
23) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің мәселелері бойынша мемлекеттің мүдделерін білдіреді, ауылдық округтің меншік
(жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі)құқығын қорғауды жүзеге асырады;
24) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелерді сенімгерлік басқарушының орындауын бақылауды жүзеге асырады;
25) мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі ( жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуын бақылуды және талдауды жүзеге асырады;
26) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін есепке алуды ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;
ІІ. Ауылдық округ әкімінің аппараты жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша:
27) өз құзыреті шегінде жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқару саласындағы құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;
28) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
29)шешім қабылдайды және жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде объектіні жекешелендіруге дайындау процесінде оның сақталуын қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
30) мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі ( жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсаттарын, сондай ақ қызметті жүзеге асыратын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындайды;
31)жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғасына берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде өзі сатып алған мүлікті алып қоюды немесе қайта бөлуді жүзеге асырады;
32) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларының артық, пайдаланылмайтын не мақсатқа сай пайдаланылмайтын мүлкін алып қоюды жүзеге асырады;
33) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейін сатып алу құқығынсыз не кейіннен сатып алу құқығымен мүліктік жалдауға ( жалға алуға) , сенімгерлік басқаруға береді;
34) мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландыратын жұмыстарының
( көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемін айқындайды;
35) берілген коммуналдық мүлікті сақтауын қамтамасыз етеді;
36) аудан әкімімен келісу бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларын құру , қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту және тарату туралы шешім қабылдайды;
37) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға өзіне бекітіп берілген мүлікті (ол өндірілген өнімді сатуды қоспағанда) иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге филиалдар мен өкілдіктер құруға, сондай-ақ дебиторлық берешекті беруге және есептен шығаруға келісім береді;
38) жергілікті өзін-өзі басқарудың мемлекеттік заңды тұлғаларының жарғысын (ережесін),оған енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;
39) аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға басқаруға берілген жергілікті атқарушы органның шешімімен бекітілген жылдық қаржыландыру есебін келісімдейді және жергілікті бюджеттен аудандық коммуналдық мемлекеттік мекемелеріне берілген тұлғалардың дербес қаржыландыру жоспарын бекітеді;
40) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жергілікті өзін -өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына бекітіп береді;
41) коммуналдық қазыналық кәсіпорындарына басқаруға берілген тұлғалардың өндірілген және сатылатын тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге ) бағаны белгілейді;
42) мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі ( жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда қарайды, келіседі және бекітеді;
43) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін пайдалану , оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылдайды;
44) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін иеліктен шығару туралы шешім қабылдайды;
45) азаматтардың өтініштерің, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолданылады.
46) Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша әскери тіркеу мен әскери қызметке шақыру, сондай-ақ азаматтық қорғаныс мәселелері жөніндегі іс-шаралардың ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді;
47) табиги және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу жұмыстарын ұйымдастырады, өрт кауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
48) ауылдық округ аумағында кәсіпкерлік қызмет пен инвестициялық ахуалды дамыту үшін жағдай жасайды;
49) шаруа немесе қожалықтарын ұйымдастыруға жәрдемдеседі;
50)агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтарды дамыту бағдарламаларын қалыптастыру бойынша ауыл шаруашылық малды ұстау және мал жаю ережелері бойынша аудандық жергілікті атқарушы органына ұсыныстар енгізеді;
51) агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне мемлекеттік агроөнім саясатының және ауылдық аумақтарды дамытудың негізгі бағыттары мен механизмдерін түсіндіру бойынша жұмыстарды жүргізеді;
52)ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен ауыл шаруашылығы малына бірдейлендіру жүргізуге қатысады;
53) малды қолдан ұрықтандыратын, мал шаруашылығы өнімі мен шикізатын дайындайтын мемлекеттік пунктердің, ауыл шаруашылық малдарын соятын алаңдардың, мал көмінділердің, пистицидтерді, улы химикаттарды және олардың ыдыстырын сақтайтын орындарды (көмінділердің) жұмыс істеуіне жәрдемдеседі;
54) ауыл шаруашылығы санағын жүргізуге қатысады;
55) микрокредит беру бағдарламаларына қатысу үшін табысы төмен адамдарды анықтайды;
56) елді мекен жерлеріне мал жаятын орындарын айқындайды;
57) өз құзіреті шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;
58) Қазақстан Республикасының жер Кодексінің 13 және 16-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жер учаскелерін жеке меншікке және жер пайдалануға береді;
59) осы Кодекстің 69-бабына сәйкес қауымдық сервитуттар белгілейді;
60)жер учаскелерін алып қою, соның ішінде мемлекет мұқтажы үшін алып қою мәселелері жөнінде аудандық әкімдікке ұсыныстар енгізеді;
61) шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;
62)ауылдық округтің әкімшілік - аумақтық құрылыс мәселелері бойынша аудан әкімдігі мен маслихатқа ұсыныс береді;
63) табысы аз адамдарды анықтайды жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз етуі атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
64) қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік көмек жұмыс орындарын ұйымдастырады;
65) дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органмен және мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, мүгедектер арасында сауықтыру, мәдени бұқаралық, ағарту және спорттық іс-шараларын өткізуді ұйымдастырады;
66) мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтік көмек көрсетуді үйлестіреді;
67) мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды ұйымдастырады;
68) білім беру, денсаулық, мәдениет, денешынықтыру және спорт саласы бойынша шараларды ұйымдастырып атқарады, балалардың заңды мүддесін қорғау, отбасы мен балаларды қолдау саласында аудандық бағдарламаларды қалыптастырады;
69) білім беру ұйымдарды бітіретін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығысыз қалған балаларды жұмыспен және баспанамен қамтуды ұйымдастырады;
70) ауылдық жерде оқушыларды мектепке дейін және кері қайтуын тегін жеткізіп салуды ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы органға ұсыныстар еңгізеді;
71) мектепке дейін тәрбие беретің және оқытатын ұйымдар мен мәдениет мекелерінің қызметің қамтамасыз етеді;
72) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгілген тәртіппен мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
73) мәдени немесе тарихи- ғылыми құндылықтарды сақталуын ұйымдастырады;
74) аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыруы жөнінде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгізеді;
75) ауылдық округінің коммуналдық меншік объектілері мен әлеуметтік - мәдени, көліктік және инженерлік инфрақұрылымдар объектілерінің құрылысын салуға аумақтар дайындау, құрылыстар салуды және пайдалануды ұйымдастырады, жергілікті объектілерді бұзуға, коммуналдық меншік объектілері мен әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілерді салу, реконструкциялау және жөндеу жұмыстары бойынша аудан әкімдігіне ұсыныспен шығады;
76) коммуналдық иелікте тұрғын үй қорына түгендеу жұмыстарын жүргізуге комиссия құрады, азаматтарды тұрғын үй кезегіне қояды, авариялық және ескі үй-жайларды бұзуды ұйымдастырады;
77) су құбырларын, тазарту құрылыстарын және басқа көліктік және инженерлік инфрақұрылымдар объектілерінің құрылысын салуды ұйымдастырады;
78) жол қауіпсіздігі бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлейді, ауданшілік қоғамдық жолаушылар тасымалын ұйымдастырады;
79) мемлекеттiк тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлерді беруді ұйымдастырады;
80) мемлекеттік мекеменің басқаруына берілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;
81) ауылдық округі аумағында коммуналдық тұрғын үй қорының сақтаулын, сондай-ақ автокөлік жолдарының жөнделу мен күтіп ұсталуын қамтамасыз етеді;
82) жергілікті әлеуметтік инфроқұрылуының дамуына жәрдемдеседі;
83) өз құзіреті шегінде елді мекендерді сумен жабдықтауды
ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерің реттейді;
84) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жұмыстарын ұйымдастырады және қоғамдық орындарынын сыртқы безендіру мәселелерін шешеді;
85) туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу
орындарың тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;
86) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда
ауруларды дәрігерлер көмек көрсететін таяу жердегі деңсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;
87) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайының қалыпты болуын қамтамассыз етеді;
88) қылмыстық атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді және өзге де әлеуметтік құқықтық көмек көрсетеді;
89) салық төлеушіні тіркеу есебіне алу орны бойынша салық органының аудандық бюджетке толық көлемінде келіп түсетін салықтарды төлеу жөніндегі салық міндеттемелерін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімдерімен келіседі;
90) Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасы бойынша сайлаушыларды электрондық жүйеге енгізу мақсатында ауылдық округтегі сайлаушылардын тізімін құрастырып, тиісті шараларды ұйымдастырады;
91) Әділет органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен нотариалдық іс қимылдар жасайды, азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастырады;
92) кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді;
93) сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу іс-шараларын әзірлейді және шаралардың орындалысына бақылау жасайды;
94) Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 729 бабының 3 тармағында көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды және құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалар қолданады;
95) Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің әкімшілік құқық бұзушылық туралы Web-АП дерекқор базасына әкімшілік құқық бұзушылық жөнінде деректер салу.
- Құқықтары:
өкілеттік міндеттемелерін орындауға «Жаңаарқа ауданының Орынбай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құқықтары:
1) аппарат мемлекеттік органдардан, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерден керекті ақпараттар, құжаттар, басқадай материалдарға сұраныс беріп, ақпарат алады;
2) аппарат қызметкерлерін көтермелеу және тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізеді;
3)мүліктік және мүліктік емес құқықтарды алуға және жүзеге асыруға; 4) мемлекеттік басқару органдарының , мұрағаттардың, ғылыми мекемелердің ақпараттық деректер базаларын пайдалануға;
5) шарттар, келісімдер жасасуға;
6) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен нотариалдық іс қимылдар жасауға;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көзделген өзге де құқықтарға ие болуға құқылы;
Әкім аппаратының өз құзырет шегіндегі міндеттері:
1)қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсету;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, облыс, аудан әкімінің және әкімдігінң, ауылдық округ әкімінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау;
3)аудан әкімдігімен бекітілген мемлекеттік қызмет көрсету регламенттері бойынша жеке және заңды тұлғаларға анықтамалар береді;
4) жеке құрам бойынша құқықтық актілер қабылдайды
3 тарау. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
- «Жаңаарқа ауданының Орынбай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Жаңаарқа ауданының Орынбай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы (әрі қарай - әкім) жүзеге асырады.
- «Жаңаарқа ауданының Орынбай йауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
- «Жаңаарқа ауданының Орынбай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін қызметке алады және қызметтен босатады;
2) мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады әрі оған басшылық жасайды және мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауап береді;
3) мекеме қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттігін белгілейді;
4) мүлікті мемлекеттік мекемеге бекітеді. Мекеменің ұстауға арналған сметасын ( шығыстардың жоспарын ) бекітеді;
5) мемлекеттік мекемеге берілген мүліктің тиімді пайдаланылуы мен сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
6) мемлекеттік мекеменің жылдық қаржылық есептілігін бекітеді;
7) мемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне көтермелеу шаралары және тәртіптік жаза қолданады;
8) мемлекеттік мекеменің атынан сенімхатсыз іс - әрекет етеді, барлық ұйымдарда мекеменің мүдделерін білдіреді;
9) банктік шоттар ашады;
10) қызметтер, тауарларды сатып алулар бойынша жұмыстар жүргізеді және азаматтық –құқықтық шарттар жасасады;
11) аудан әкімі аппараты жанындағы аттестациялау және конкурстық комиссияларының шешімдерін басшылыққа алып жұмыс жасайды, мемлекеттік қызметкерлермен мемлекет және еңбек тәртібін сақталуын қамтамассыз етеді;
12) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасауға және осы әрекеттерді болдырмауға, әкім аппаратының, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметкерлерінің қызметтік этиканы сақтауына және қызметтік міндеттерін орындауына жеке жауапкершілігін арттыруға міндетті;
13) Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау жөнінде ұсыныстар енгізеді;
14) сайлаушылардың тізімін нақтылайды;
15) ауыл әкімі аппаратының техникалық қызметкерлері мен жұмыскерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады, ауыл әкімі жанындағы тәртіптік комиссияны басқарады;
16) аудан әкімдігінің веб-сайтына ауыл әкімінің құжаттар мен ақпараттарды орналастырады;
17) мемлекеттік мекеменің шаруашылық істеріне қатысты іс сапар құжаттарына, келісім-шарт есептеріне, сенімхаттарға қол қояды;
18) әкімшіліктің автокөлік шаруашылығына, қызмет ғимаратын пайдалану және оның материалдық базасын нығайтуға байланысты мәселелерді шешуді қамтамасыз етеді;
19) әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді іс-сапарға жіберу, көтермелеу, үстемақылар белгілеу, материалдық көмек көрсету, даярлаудан өткізу, біліктілік деңгейін көтеру жөніндегі сұрақтарды шешеді;
20) әкім аппаратының әкімшілік ғимараты мен жайларын, мүліктін сақталуын, қорғалуын, ғимараттың өртке қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
21) әкім аппаратының бюджеттік сұранысынын дайындалуын қамтамасыз етеді, сұранысты аудандық бюджеттік комиссиясының қарауына ұсынады, бюджеттік ресімдер бойынша басқадай сұрақтардың шешілуіне жұмыстар атқарады;
23) заңнамамен белгіленген бюджеттің қаржыларды және (немесе) түсімдерді экономдау есебінен жұмысшыларды еңбек шарты бойынша қабылдайды;
24) мемлекеттік мекемелердің өздерінің иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды,көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасайды және бекітеді;
25)ауылдың, ауылдық округтің аудандық әкімдікпен берген коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын қамтамасыз етеді және ауылдық округтің тұрғын үй қорын түгендеуді жүргізеді;
26)аудан әкімімен және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша ауылдық округтің авариялық тұрғын үйлерін бұзуды ұйымдастырады;
27) мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бағдарламалық құжаттары аясында ауыл халқына микрокредит беруге жәрдем көрсетеді;
28)әкім аппараты қызметкерлерінің мемлекеттік қызметшілер этикасының нормаларын сақталуын әкім қамтамасыз етеді;
29) заңдарға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
- Әкімде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімнің орынбасары болуы мүмкін;
- Әкім Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес әкім орынбасарының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды.
4 тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
- «Жаңаарқа ауданының Орынбай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
«Жаңаарқа ауданының Орынбай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
- «Жаңаарқа ауданының Орынбай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Жаңаарқа ауданының Орынбай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5 тарау. Мемлекеттік органның жұмыс тәртібі
- «Жаңаарқа ауданының Орынбай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 32 бабына, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 68 бабына сәйкес, мемлекеттік мекемеде күнделікті жұмыстың ұзақтығы, аптаның нормасы 40 сағат болғанда, күнделікті жұмыстың ұзақтығы – 8 сағаттан аспауы тиіс (жұмыс күннің басталуы 9-00 сағат, аяқталуы 18-30 сағат, түскі үзіліс 13-00 ден 14-30 сағатқа дейін).
6 тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
- «Жаңаарқа ауданының Орынбай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Жаңаарқа ауданының Орынбай
ауылдықокругінің әкімі: А.Ж.Бакарамов