Аукцион өткізу туралы

    atyrau-zhylyoy

    atyrau-zhylyoy·

    Қазақстан Республикасы Атырау облысы «Аудандық маңызы бар Құлсары қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі (Құлсары қаласы, Абдрахманов көшесі, 27) e-qazyna.kz мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында коммуналдық меншік объектісін сату бойынша «бағаны төмендету » әдісімен аукцион өтетіні туралы хабарлайды. Коммуналдық меншік объектісін сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

    Аукционның өткізілу күні мен уақыты: 2026 жылғы 25 маусым сағат 10:00 де.
    Анықтама үшін телефон: 8(71237) 5-08-87.

    Сатылатын нысан туралы толық ақпаратты SAUDA Нұсқа 2- Сауда саттық: №447204, №447206, №447207 .

    https://sauda.e-qazyna.kz/ru/list?searchStatus=ApplicationsAccept

    Ұқсас материалдар

    Конкурсы

    Атырау облысы, Жылыой ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Орталық стадион» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорының басшысына бос лауазымына конкурс жариялайды.

    Конкурс өткізілетін күні мен орны: 2 шілде 2026 жыл, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, Махамбет даңғылы құрылыс 20. Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, Махамбет даңғылы құрылыс 20. Электрондық пошта: [email protected], анықтамалар үшін телефон: 87123779024 , «Жылыой ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ Кәсіпорын орналасқан орны: Атырау облысы,Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, Махамбет даңғылы, 208. Электрондық пошта: [email protected], анықтамалар үшін телефон: 87123753801 «Орталық стадион» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны. Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: Кәсіпорынның негізгі қызметі – өңірде дене шынықтыру мен спортты дамыту, жоғары білікті спортшыларды даярлау және аудандық құрама командаларды қалыптастыру. Сонымен қатар спорт резервін дайындау, спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, спорт ұйымдарының жұмысын үйлестіру бағытында қызмет жүзеге асырады. Лауазымдық міндеттері: -Қабылданатын шешімдердің кейінгі салдарына, ұйымның мүлкің сақтау мен тиімді пайдалануға, сондай-ақ оның қызметінің әкімшілік-шаруашылық нәтижелеріне жауап бере отырып, ұйымның өндірістік, шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне басшылық жасайды; -Ұйымның саясатын, стратегиясын және оны іске асырудың тетіктерін айқындайды; оқу-жаттығу және тәрбиелік процестерде спорттық-әдістемелік және материалдық-техникалық базаны ұйымдастырады және жетілдіреді; -Ұйымның жұмыс жоспарын, спорттық жетілдірудің әртүрлі кезеңдерінде спортшыларды даярлаудың жоспарларын және бағдарламасын бекітеді; - Оқу-жаттығу және тәрбиелік процестерде спорттық-әдістемелік және материалдық-техникалық базаны ұйымдастырады және жетілдіреді; - Қызметкерлерді қабылдау, ауыстыру, көтермелеу және жұмыстан шығару туралы шешім қабылдайды, штаттық кестесін, ұйым қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді; - Спортшылардың контингентін қалыптастырады, оқу-жаттығу және оқу-тәрбие процестері кезінде спортшылар мен ұйым қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын сақтаудың қажетті жағдайларын жасайды; - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарын ұйымдастырады, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын қабылдауда дербес жауапкершілікте болады; - Спортшылар арасында және дене шынықтыру-спорт ұйымдарының ұжымдарында діни экстремизм мен терроризмнің таралуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайды. Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Бюджет кодексін, Еңбек кодексін, Салық кодексін, «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Білім туралы», Спорттағы допингке қарсы күрес туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы» «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, басқада лауазымына байланысты заңнамаларды білуге тиіс. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: жоғарғы (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), «Педагогика», «Құқық», «Экономика», «Менеджмент», «Дене шынықтыру және спорт» мамандықтарының біреуі болуы тиіс. Кәсіпорын қызметі саласындағы басшылық лауазымдарда мамандығы бойынша кемінде 5 (бес) жыл жұмыс өтілінің болуы. Конкурсқа қатынасу туралы өтініштер 2026 жылдың 17 маусымынан бастап 27 маусымды қоса алғандағы мерзім аралығында қабылданады. Конкурска қатысу үшін құжаттар тізбесі: 1)Өтініш мемлекеттік тілдегі түйіндемемен қоса; 2)Нотариалды куәландырылған жеке тұлғаны куәландыратын құжат көшірмесі; 3)Нотариалды куәландырылған білімі туралы құжат көшірмесі, қосымшасымен бірге; 4)Нотариалды куәландырылған еңбек кітапшасының көшірмесі; 5) Зейнетақы аударымдары туралы құжаттар; 6) Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама; 7) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ Еңбек кодексінің 32-бабы 3-тармағына сәйкес, квазимемлекеттік сектор субъектісіндегі жұмысқа қабылданған кезде жұмыс беруші осы адамға қатысты оның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар-жоғы жөнінде анықтама ұсынады. Конкурсқа мынадай тұлғалар қабылданбайды: 1) он сегіз жасқа толмаған; 2) бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған; 3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар; 4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар. Конкурсқа құжаттар қабылдау: Конкурсқа қатысуға үміткер адамдардан құжаттар қабылдау басталатын күн бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап айқындалады. Конкурсқа қатысуға үміткер адамдар үшін құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы жарияланған күннен кейін 7 (жеті) жұмыс күні өткен соң аяқталады. Біліктілік талаптарына сәйкес келген кезде Комиссия құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде құжаттар тапсырған адамды конкурсқа қатысуға жіберу туралы шешім қабылдайды. Конкурсқа қатысуға жіберілген адамдардың тізімі бекітілгеннен кейін Комиссия әңгімелесу өткізу кестесі орналастырылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу өткізеді.

    atyrau-zhylyoyЖарияланды:
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.