Мәслихаттың 2026 жылғы 08 қаңтардағы № 269 «Науырзым ауданы Қарамеңді ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Науырзым аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Мәслихаттың «Науырзым ауданы Қарамеңді ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2026 жылғы 08 қантардағы № 269 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Қарамеңді ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 – қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер –133 094,0 мың теңге:
салықтық түсімдер бойынша – 34 420,0 мың теңге;
трансферт түсімдері бойынша – 98 674,0 мың теңге;
2) шығындар – 143 724,0 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу – 0,0 мың теңге;
4) бюджет тапшылығы (профициті) – -10 630,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 10 630,0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланатын қалдықтары – 10 630,0 мың тенге.»;
көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың төрағасыГ. Әбенова