Юбилейный ауылдық округінің сайлау учаскелерінің шекаралары

    aqmola-esil

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Қазақстан мен Грузия: мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы әріптестік

    «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мен Грузияның Әділет үйі мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін дамытуға және халықпен жұмыс істеу тетіктерін жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат тараптардың тәжірибе алмасып, азаматтардың заманауи сұраныстарына сай тиімді шешімдерді бірлесіп әзірлеуге ниетті екенін айқындайды. Ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының қатарында халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын ұйымдастырудағы үздік тәжірибелермен алмасу, жасанды интеллект технологияларын, роботтандыру мен процестерді автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып цифрлық қызметтерді дамыту көзделген. Сондай-ақ қызмет көрсету сапасының заманауи стандарттарын енгізу арқылы клиенттік тәжірибені жетілдіруге ерекше назар аударылатын болады. «Себебі жаңа технологиялар мен заманауи үрдістерді уақытында меңгеру өте маңызды. Біздің мақсатымыз - тек жақсы тәжірибемен танысу емес, олардың ішіндегі ең тиімдісін таңдап, Қазақстан азаматтарының қажеттіліктеріне бейімдеу. Сонымен қатар бұл - өзара тиімді серіктестік. Бүгінде Қазақстан мемлекеттік қызметтерді цифрландыруда жақсы нәтижелерге қол жеткізген елдердің бірі. Сондықтан біз халықаралық тәжірибені үйреніп қана қоймай, өз жетістіктерімізбен де бөлісуге дайынбыз», - деп атап өтті мемлекеттік корпорация басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев. Меморандум кадрлық әлеуетті дамыту бағытындағы ынтымақтастықты да қамтиды. Тараптар бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруды, қызметкерлердің біліктілігін арттыруды, сондай-ақ тағылымдамалар мен оқыту іс-шараларын ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар өзара қызығушылық тудыратын ғылыми-зерттеу және талдамалық жобаларды қолдауға ерекше көңіл бөлінеді. «Бұл сапар біз үшін ерекше маңызға ие. Себебі ол жылдар бойы жинақталған тәжірибе мен практикалық шешімдермен алмасуға мүмкіндік береді. Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою өзара ықпалдастықтың жаңа кезеңін бастап, жүйелі әріптестіктің негізін қалайды», - деді Грузияның Әділет үйінің төрағасы Вахтанг Жвания. Айта кетейік, екі күндік сапар аясында қазақстандық делегация Грузияның Әділет үйінде болып, халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысымен, қолданыстағы цифрлық шешімдермен және клиенттер ағынын басқару жүйесімен танысты. Сондай-ақ Грузия Ішкі істер министрлігінің Сервистік агенттігі мен Грузия Әділет оқу орталығында кездесулер өтіп, тараптар алдағы ынтымақтастықтың дамуын талқылады.

    aqmola-esilЖарияланды:
    Конкурсы

    "Есіл ауданы Ақсай ауылы әкімінің аппараты" ММ бас маман лауазымына Конкурс

    https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.5354697407

    aqmola-esilЖарияланды:
    Ақпарат

    Есіл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері мен құрамы, учаскелік сайлау комиссияларының құрамы туралы хабарлама

    "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-бабының 2-тармағына, 22-бабының 2-тармағына, Есіл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 10 маусымдағы "Есіл ауданы Юбилейный ауылдық округінің әкімін сайлау тағайындау туралы" № 17/19 қаулысына сәйкес Есіл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері мен құрамы, учаскелік сайлау комиссияларының құрамын хабарлаймыз. Есіл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Орналасқан жері: Есіл қаласы, Қонаев көшесі 13, тел.8(71647) 21-0-06 Комиссия төрағасы – Деревяга Максим Леонидович; төрағасының орынбасары – Нұрмағамбетов Ақжол Ернарұлы; хатшы – Алпыспаева Алмагүл Таңатқызы; комиссия мүшелері: Даулыбаев Нұрлан Қалиұлы, Жамбаев Қанат Қошқарбайұлы, Қаласова Балзия Асылбекқызы, Хангишиева Джамиля Гаджиевна. № 433 учаскелік сайлау комиссиясы Орналасқан жері: Есіл ауданы, Ейский ауылы, Целинная көшесі № 11 үй Төрайым – Усс Евгения Францевна, төрайымның орынбасары – Конджорян Левон Владимирович; хатшы – Яворчук Надежда Васильевна; комиссия мүшелері : Гордий Наталья Вячеславовна, Боровиков Юрий Николаевич. № 454 учаскелік сайлау комиссиясы Орналасқан жері: Есіл ауданы, Юбилейный ауылы, ауылдық мәдениет үйінің ғимараты, Пионерская көшесі, 5б Төрайым – Бобловская Екатерина Юрьевна; төрайымның орынбасары – Ишанжанова Жанна Қиясқызы; хатшы – Малая Наталья Юрьевна; комиссия мүшелері: Сиваков Николай Иванович, Чиншовая Валерия Владимировна.

    aqmola-esilЖарияланды:
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.