"Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Рузаев ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау ХАТТАМАСЫ

    sko-gm-ruzaev

    sko-gm-ruzaev·

    «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының

    Рузаев ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін қоғамдық талқылау

    ХАТТАМАСЫ

    Рузаевка а. 2026 жылы 5 маусым

    .

    Қатысты:

    бас мамандар Әсел Бөкенқызы Қожахметова, Вера Николаевна Котко, Галина Николаевна Ахметова, Анастасия Олеговна Фаст, Кельм Дамели Жанғазықызы-жұртшылық кеңесінің төрағасы, жұртшылық кеңесінің мүшелері Бикадамова Гүлнар Сағымбайқызы, Балахметова Елена Михайловна.

    Күнтәртібі:

    «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Рузаев ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін талқылау.

    Бас маман Әсел Бөкенқызы Қожахметова жұмыс тобының мүшелерін "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Рузаев ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы талдамалық анықтамамен таныстырды.

    Вера Николаевна- бас маман: құқықтық актілерге, ішкі құжаттарға, мемлекеттік қызметтер көрсетуге, жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне, Қаржы-шаруашылық қызметіне, ақпараттық жүйелерге, мемлекеттік органның сайтына талдау жүргізілді. Органда рұқсат беру және бақылау функциялары іске асырылмайды.

    Шешті:

    1. Белгіленгенмерзімде сыбайлас жемқорлықтәуекелдерінішкіталдаунәтижелерібойыншаталдамалықанықтамағақол қою;
    2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу;
    3. Жылішіндежұмыстобыұсынымдардыңорындалуынамониторинг жүргізілсін.
    4. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген талдау туралы ақпаратты ауылдық округ әкімінің ресми сайтында жариялау.

    ТөрайымыД. Кельм

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.