«Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілігін жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 24 сәуірдегі № 192 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

    «Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің болжамды

    шоғырландырылған қаржылық есептілігін жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы

    24 сәуірдегі № 192 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілігін жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 24 сәуірдегі № 192 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілігін жасау Қағидаларында:

    көрсетілген Қағидаларға 6, 7, 8 және 9-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    1. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының

    Қаржы министрі

    М. Такиев

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Облыстар бойынша салықтар мен мемлекеттік бюджетке төлемдердің нақты түсімдері 5 ай 2026ж. бойынша

    Облыстар бойынша салықтар мен мемлекеттік бюджетке төлемдердің нақты түсімдері 5 ай 2026ж. бойынша

    ҚР Қаржы министрлігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Өңірлер бойынша 5 ай 2026ж. боыйнша Ұлттық қорға түсімдер динамикасы

    Өңірлер бойынша 5 ай 2026ж. боыйнша Ұлттық қорға түсімдер динамикасы

    ҚР Қаржы министрлігіЖарияланды:
    Ақпарат

    БСК бойынша 5 ай 2026 ж. бойынша ұлттық қорға түсімдер динамикасы

    БСК бойынша 5 ай 2026 ж. бойынша ұлттық қорға түсімдер динамикасы

    ҚР Қаржы министрлігіЖарияланды:
    Ақпарат

    5 ай 2026 жылғы салық түсімдерінің және мемлекеттік бюджетке төлемдердің динамикасы

    5 ай 2026 жылғы салық түсімдерінің және мемлекеттік бюджетке төлемдердің динамикасы

    ҚР Қаржы министрлігіЖарияланды:
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.