Өңірде демалыс және сауықтырумен 102 467 баланы қамту жоспарлануда, оның ішінде 10 655 бала қала сыртындағы лагерьлерде, 91 812 бала мектеп жанындағы алаңдарда.
Маусымдық қала сыртындағы лагерьлер жоғары эпидемиологиялық маңызы бар санатқа жатады, себебі санитариялық талаптар сақталмаған жағдайда жұқпалы аурулардың туындау қаупі жоғары. Сондықтан рұқсат беретін құжатты, яғни халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарына сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу қажет.
15 маусымдағы жағдай бойынша он бір қала сыртындағы лагерь санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алды:
- Рудный қаласы білім бөлімінің «Балалар тәрбиелеу-сауықтыру кешені» КМҚК жанындағы «Орленок» балалар сауықтыру орталығы;
- Қостанай облысы әкімдігі Білім басқармасының Денисов ауданы білім бөлімінің «Солнечный» балалар сауықтыру лагері» КММ;
- Қарабалық ауданы білім бөлімінің «Достық» балалар сауықтыру лагері» КММ;
- Сенімгерлік басқарушысы «Детский квартал» ЖШС болып табылатын «Болашақ» балалар сауықтыру лагері.
- Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы» КММ-нің «Генерал Бакиров атындағы демалыс базасы».
- Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласының ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау орталығы» КММ-нің «Лесная сказка» жазғы сауықтыру лагері.
- Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласы білім бөлімінің балалар тәрбиелеу-сауықтыру кешені» КМКК жанындағы «Чайка» балалар сауықтыру орталығы.
- Әулиекөл ауданы білім бөлімінің «Достық» балалар сауықтыру мәдени кешені» КММ жанындағы «Балдәурен» балалар сауықтыру лагері.
- Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Лисаков қаласы білім бөлімінің балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы» КМКК жанындағы «Алый парус» спорттық-сауықтыру лагері.
- Балалар демалыс және спорт оталығы ЖК «Сайора», Арқалық қаласы,
Көктау аулы.
- «Шаяхметов М.Б. атындағы «Светофор» демалыс лагері, ЖК Рашит
Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алмайынша, балаларды сауықтыру объектісінің жұмыс істеуіне рұқсат етілмейді.