2026 жылдың 5 айындағы «Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ жұмысы туралы ақпарат

    Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы

    Басқарма сәулет-құрылыс қызметі саласындағы бақылау-қадағалау органы және қызмет көрсетуші болып табылады.

    Басқарманың негізгі мақсаты Қарағанды облысының аумағында сәулет, қала құрылысы, құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.

    Басқарудың негізгі функциялары:

    -объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру, осы объектілерде сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;

    - сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу

    - сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялауды жүзеге асыру;

    - сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы инжинирингтік көрсетілетін қызметтер;

    - сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу.

    Басқарма 2026 жылдың 5 айында құрылыс-монтаждау жұмыстары өндірісінің басталғаны туралы 465 хабарлама қабылдады, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 20% - ға артық ( 582 хабарлама), 246 хабарлама қабылдаудан бас тартты, бұл 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 11% - ға аз ( 276 хабарлама).

    Басқармаға 2026 жылдың 5 айында объектілерді пайдалануға қабылдаудың 765 актісін салыстырып тексеруге келіп түсті, 403 (53%) бойынша салыстырып тексеру жүргізілді, 362 (47%) бас тартылды, бұл 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғнда 31% - ға аз ( 582 акт, 274 (47%) бойынша салыстырып тексеру жүргізілді, 308 бас тартылды (53%).

    2026 жылдың 5 айында Басқарма 21 бақылау-қадағалау іс-шарасын өткізді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 27% - ға аз (29 бақылау-қадағалау іс-шарасы).

    2026 жылдың 5 айында заңнаманы бұзғаны үшін 290 әкімшілік іс қозғалды, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,5 есе көп ( 64 әкімшілік іс):

    - мемлекеттік нормативтерді бұзу, 5 іс (3 892 500 теңге. 312-бап);

    - ЖСҚ және сараптамасыз, 54 іс (11 686 150 теңге, 316-бап);

    - авторлық және техникалық қадағалауды бұзу, 5 іс (2 724 750 теңге, 317-бап);

    - инжинирингтік қызметтерді бұзу, 2 іс (2 162 500 теңге, 317-1-бап);

    - объектілерді қабылдау тәртібін бұзу, 3 іс (627 125 теңге, 318-бап);

    - үлестік құрылыс, 1 іс (320-бап);

    - авторлық және техникалық қадағалаусыз, 14 іс (4 411 500 теңге, 321-бап);

    - пәтерлерді заңсыз қайта жоспарлау, 4 іс (519 000 теңге, 322-бап);

    - заңсыз пайдалану, 3 іс (194 625 теңге, 323-бап);

    - нұсқамаларды орындамау, 5 іс (462-бап);

    - ескертусіз құрылыс, 5 іс (45 413 теңге, 463-бап);

    - лицензиялау нормаларын бұзу, 189 іс (28 132 042 теңге, 464-бап).

    Оның ішінде 124 әкімшілік іс бойынша жарты жылға және 9 лицензиядан айыра отырып лицензиялардың қолданылуы тоқтатылды.

    Қозғалған әкімшілік істер бойынша 54 698 355 теңге сомасына айыппұл салынды, бұл 2025 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2 есе көп ( 21 545 498 теңге). Оның ішінде басқарма 53 173 792 теңге салды (өндіріп алу 40 274 452 теңгені немесе 76% - құрайды, қалған 24% - ы бойынша айыппұлды ерікті түрде төлеу мерзімі әлі жақындаған жоқ немесе ЖСО-ға жіберілді), сот 1 524 563 теңге салды .

    2026 жылдың 5 айында 231 мемлекеттік қызмет көрсетілді: сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялау бойынша 165 мемлекеттік қызмет, бұл 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 34% - ға аз ( 252 мемқызмет), сараптамалық жұмыстарды жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау бойынша 60 мемлекеттік қызмет көрсетілді, бұл 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 41% - ға аз ( 101 мемқызмет), ұйымды аккредиттеу және жобаларды басқару бойынша 6 аккредиттеу туралы куәлік берілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 50% - ға артық ( 4 аккредиттеу туралы куәлік).

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.