Қазақстан Республикасы шегінде санаторий-курорттық емделуге әлеуметтік көмек

    social-saran

    social-saran·

    Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 28.04.2026 ж. № 291 шешімімен санаторий-курорттық емдеуге әлеуметтік көмекті жеңілдікпен пайдалана алатын азаматтар санаттарының тізбесі кеңейтілді.

    Қазақстан Республикасы шегінде санаторий-курорттық емделуге әлеуметтік көмек:

    - бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдардың жеке көмекшілеріне (заңнамаға сәйкес жұмыс берушінің кінәсінен жұмыста мертігуге ұшыраған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасында жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтері көзделген) кірісті есепке алмағанда, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы (әзірленген жеке абилитациялау және оңалту бағдарламасына сәйкес санаторий-курорттық емдеу қызметтері ұсынылған мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда) уәкілетті орган айқындайтын санаторий-курорттық ұйымда болу құнын жылына бір рет кепілдендірілген соманың 70 (жетпіс) пайызынан аспайтын мөлшерде өтеу түрінде;

    - «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 1-тармағына сәйкес ардагерлерге кірістерді есепке алмағанда жылына 1 (бір) рет 14 күннен аспайтын, бірақ мүгедектігі бар адамдар үшін белгіленген санаторий-курорттық емдеудің кепілдік берілген сомасынан артық емес санаторий-курорттық ұйымда болу құнын өтеу түрінде;

    - 70 және одан жоғары жастағы зейнеткерлерге тиісті қаржы жылына Республикалық бюджет Заңымен белгіленген күнкөріс деңгейінің екі еселенген мөлшерінен аспайтын адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы ескеріле отырып, санаторий-курорттық ұйымда жылына 1 (бір) рет 12 күннен аспайтын халықты әлеуметтік қорғау саласындағы (әзірленген жеке абилитациялау және оңалту бағдарламасына сәйкес санаторий-курорттық емдеу қызметтері ұсынылған мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда) уәкілетті орган айқындайтын санаторий-курорттық ұйымда болу құнын кепілдендірілген соманың 70 (жетпіс) пайызынан аспайтын мөлшерде өтеу түрінде көрсетіледі.

    Әлеуметтік көмек нақты шығындар шегінде санаторий-курорттық ем алған сәттен бастап екі айдан кешіктірілмей мынадай құжаттарды қоса бере отырып, өтініш негізінде беріледі:

    - жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);

    - шот-фактура;

    - орындалған жұмыстар актісі;

    - табыс ескеріле отырып көрсетілетін санаттарүшін адамның (отбасының) табысы туралымәліметтер;

    - екінші деңгейдегі банктегі немесе «Қазпошта» акционерлік қоғамындағы шотының нөмірі туралы мәліметтер.

    Санаторий-курорттық емдеуге әлеуметтік көмек бірнеше негіздер болған кезде тек бір негіз бойынша тағайындалады.

    Санаторий-курорттық емделу орнына дейінгі және кері қайту жолақысының құны санаторий-курорттық емделушінің жеке қаражаты есебінен жүргізіледі.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.