«Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағы арқылы тауарларды әкетуді қоспағанда, тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерге әкету кезінде шет мемлекеттердің азаматтары болып табылатын жеке тұлғаларға қосылған құн салығы сомасының өтемақысы бойынша пилоттық жобаны іске асыру қағидаларын және мерзімдерін бекіту туралы («такс фри» пилоттық жобасы)» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 4 маусымдағы №o 363 бұйрығы

    kgd

    kgd·

    «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағы арқылы тауарларды әкетуді қоспағанда, тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерге әкету кезінде шет мемлекеттердің азаматтары болып табылатын жеке тұлғаларға қосылған құн салығы сомасының өтемақысы бойынша пилоттық жобаны іске асыру қағидаларын және мерзімдерін бекіту туралы («такс фри» пилоттық жобасы)» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
    2026 жылғы 4 маусымдағы №o 363 бұйрығы

    «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 68-бабы 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағы арқылы тауарларды әкетуді қоспағанда, тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерге әкету кезінде шет мемлекеттердің азаматтары болып табылатын жеке тұлғаларға қосылған құн салығы сомасының өтемақысы бойынша пилоттық жобаны іске асыру қағидалары және мерзімдері («такс фри» пилоттық жобасы) (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.
    2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оның Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

    3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және
    2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

    1. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Бұл ретте, Оператор осы Қағидалар күшіне енгенге дейін сатып алған тауарлар бойынша ҚҚС сомасының өтемақысын Қағидалардың 12-тармағында көзделген шарттар сақталған кезде жүргізеді.

    2026 жылғы 12 шілдеден бастап Қағидалардың 2-тармағының
    8) тармақшасы мынадай редакцияда қолданысқа енгізіледі:

    «8) «такс фри» кешені – «такс фри» операторының «такс фри» құжатын ресімдеуге байланысты деректерді жинауды, өңдеуді, сақтауды және беруді және сатып алушыға елде жасалған сатып алулар үшін ҚҚС сомасының өтемақысын қамтамасыз ететін аппараттық және бағдарламалық құралдарға сәйкес келетін цифрлық жүйесінің кешені;».

    Қазақстан Республикасының

    Қаржы министріМ. Такиев

    Қазақстан Реcпубликасының

    Қаржы министрі

    2026 жылғы 4 маусымдағы

    № 363 бұйрықпен бекітілген

    Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағы арқылы тауарларды әкетуді қоспағанда, тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерге әкету кезінде шет мемлекеттердің азаматтары болып табылатын жеке тұлғаларға қосылған құн салығы сомасының өтемақысы бойынша пилоттық жобаны іске асыру қағидалары және мерзімі («такс фри» пилоттық жобасы)

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағы арқылы тауарларды әкетуді қоспағанда, тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерге әкету кезінде шет мемлекеттердің азаматтары болып табылатын жеке тұлғаларға қосылған құн салығы сомасының өтемақысы бойынша пилоттық жобаны іске асыру қағидалары және мерзім і («такс фри» пилоттық жобасы) (бұдан әрі – Қағидалар) салықтық әкімшілендіруді жаңғырту және жетілдіру, экономикалық әсерді бағалау мақсатында «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 68-бабының 1-1-тармағына сәйкес әзірленді және «такс фри» пилоттық жобасын іске асыру тәртібін айқындайды.
    2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

    1) «такс фри» арнайы пошта жәшігі – сатып алушыға қолжетімді кедендік тексеру аймағында орналасқан «такс фри» құжатын орналастыруға арналған оператордың логотипі бар арнайы жәшік;

    2) кедендік тексеру аймағы – осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген халықаралық әуежайларда ұшу (отырғызуды күту) аймағына дейін орналасқан кедендік аймақтан тауарларды өткізу кезінде тексеру аймағы;

    3) мемлекеттік кірістер органы (бұдан әрі – МКО) – аумағында пайдалану құқығында «такс фри» пилоттық жобасына қатысатын стационарлық сауда объектілерінде сауда орны бар қызметін жүзеге асыру орны бойынша сауда қызметінің субъектісі тіркелген МКО;

    4) мобильді қосымша – шетел азаматтары шетелде жасаған сатып алумен қосылған құн салығы (бұдан әрі – ҚҚС) өтемақысына құжаттарды ресімдеуге, сақтауға және қадағалауға арналған мобильді құрылғылар үшін оператор әзірлеген бағдарламалық қамтамасыз ету, ол фискалдық жады блогы бар бақылау-касса машинасының (бұдан әрі – БКМ) чегін тіркеуге, кедендік тексеру аймағында оларды тексерудің мәртебесін бақылауға және әртүрлі елдердегі «такс фри» жүйесінің қағидалары мен шарттары туралы өзекті ақпаратты алуға мүмкіндік береді;

    5) оператор – Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі – ЕАЭО) мүше мемлекеттердің аумағы арқылы тауарларды әкетуді қоспағанда, ЕАЭО-ның кедендік аумағынан тыс жерге тауарларды әкету кезінде сатып алушына ҚҚС сомасының өтемақысын төлеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

    6) сатып алушы – ЕАЭО-ға мүше мемлекет болып табылмайтын шет мемлекеттердің азаматтары болып табылатын жеке тұлғалар;

    7) сауда қызметінің субъектісі – «такс фри» пилоттық жобасына қатысатын стационарлық сауда объектілерінде пайдалану құқығында сауда орны бар және ҚҚС төлеуші болып табылатын жеке кәсіпкерлік субъектісі;

    8) «такс фри» кешені – «такс фри» операторының «такс фри» құжатын ресімдеуге байланысты деректерді жинауды, өңдеуді, сақтауды және беруді және сатып алушыға елде жасалған сатып алулар үшін ҚҚС сомасының өтемақысын қамтамасыз ететін аппараттық және бағдарламалық құралдарға сәйкес келетін ақпараттық жүйесінің кешені;

    9) «такс фри» жүйесі – ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағы арқылы тауарларды әкетуді қоспағанда, «такс фри» жүйесіндегі сауда қызметі субъектілері, сатып алушы, МКО және оператор арасында ЕАЭО-ның кедендік аумағынан тыс жерге тауарларды әкету кезінде сатып алушыға ҚҚС сомасының өтемақысын төлеу кезінде туындайтын құқықтық қатынастар;

    10) «такс фри» құжаты – мобильді қосымша мен МКО уәкілетті лауазымды адамының автоматтандырылған жұмыс орны (АЖО) үшін «такс фри» кешенде орналастырылған, өткізілген тауарлар туралы ақпаратты қамтитын штрих-кодты (QR-код) қалыптастыра отырып, электрондық нысанда «такс фри» кешенде сауда қызметінің субъектісі ресімдеген құжаттар топтамасы, оның ішінде БКМ чегі және (немесе) сауда қызметінің субъектісі тауарды өткізу кезінде сатып алушыға қағаз жеткізгіште ресімдеген және берген құжаттар топтамасы, оның ішінде БКМ чегі;

    11) штрих-коды (баркод, barcode) - әртүрлі қалыңдықтағы ауыспалы жолақтар мен бос орындардан тұратын сандық немесе әріптік-сандық ақпараттың графикалық бейнесін қамтитын код;

    12) электрондық өтінім – сатып алушыны сәйкестендіру және тауарды әкету фактісін растау мақсатында сатып алынатын өнім туралы ақпаратты қамтитын штрих-код (QR-код) түрінде салықсыз мобильді қосымшада қалыптастырылған электрондық құжат;

    13) QR-коды (Quick Response code) – тікелей оқу мүмкіндігімен ақпараттың кеңейтілген көлемін кодтауды және сақтауды қамтамасыз ететін деректердің екі өлшемді графикалық көрінісін қамтитын код және екі өлшемді матрица (шаршы сурет) түрінде болып табылады.

    1. «Такс фри» пилоттық жобасы оператор мен сауда қызметінің субъектісі арасында жасалған «такс фри» пилоттық жобасына қатысу туралы шарт негізінде Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Астана, Балқаш, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Семей, Тараз, Түркістан, Орал, Өскемен (Катонқарағай), Шымкент қалаларында және Ақмола облысының Бурабай ауылында орналасқан стационарлық сауда объектілерінде іске асырылады.

    2-тарау. «Такс фри» пилоттық жобасының қатысушылары

    1. Пилоттық жобаның қатысушылары:

    1) сауда қызметінің субъектісі;

    2) оператор – «Global Blue» халықаралық компаниясы және «IT Analytics» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қазақстандық компаниясы;

    3) МКО;

    4) сатып алушы.

    3-тарау. Пилоттық жобаны іске асыру тәртібі мен мерзімі

    1-параграф. Пилоттық жобаны іске асыру бойынша жалпы ережелер

    1. «Такс фри» жүйесінде ҚҚС сомасының өтемақысын өтеу тек «такс фри» пилоттық жобасына қатысатын стационарлық сауда объектілерінде орналасқан сауда орындарында сауда қызметінің субъектісінен сатып алынған азық-түлік емес тауарларға және егер БКМ чегінде сатып алынған тауарлардың құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын кемінде 10 (он) айлық есептік көрсеткішті құраса жүргізіледі.
    2. Сауда қызметінің субъектісі «такс фри» құжатын:

    ҚҚС сомасын бөле отырып, тауарды сатып алу туралы БКМ чегінде көрсетілген күні мен сомасына сәйкес тауарды сатып алу күні ішінде электронды түрде;

    орнату (пайдалану) мекенжайы стационарлық сауда объектісінің мекенжайына сәйкес келетін БКМ пайдалана отырып, күнтізбелік бір күн ішінде басып шығарылған бір немесе бірнеше чектер негізінде ресімдейді.

    Қажет болған жағдайда сатып алушы сауда қызметінің субъектісінен қағаз жеткізгіште «такс фри» құжатын алады.

    1. «Такс фри» құжатын сауда қызметінің субъектісі «такс фри» кешенін пайдалана отырып, электронды түрде ресімдейді, ал сатып алушы қағаз жеткізгіште таңдаған кезде ресімдеу екі данада жүргізіледі.

    «Такс фри» кешенінде «такс фри» құжатын электронды түрде ресімдеу кезінде тауарды сатып алу туралы ақпарат штрих-кодта (QR-коды) қалаптастырылады және сатып алушыға БКМ чек беріледі.

    «Такс фри» құжатын қағаз жеткізгіште ресімдеу кезінде «такс фри» құжаты екі данада ресімделеді, оның:

    1) бір данасы «такс фри» кешенінде сауда қызметінің субъектісінде қалады және архивтеледі;

    2) екінші данасын МКО уәкілетті лауазымды адамы тауарларды тексеруден және паспорттық бақылаудан өткізгеннен кейін сатып алушы осы Қағидалардың 3-тармағында айқындалған қалалардағы халықаралық әуежайлардың қону аймақтарында орналасқан арнайы «такс фри» пошта жәшіктері арқылы операторға немесе оператор айқындаған жеткізудің әдісімен жібереді.

    «Такс фри» құжаты оператор айқындаған нысан бойынша мына мәліметтерді:

    1) реттік нөмірі және жасалған күні;

    2) «такс фри» жүйесіндегі сауда қызметі субъектісінің атауы, сәйкестендіру нөмірі, осы ұйымның немесе оның оқшауланған бөлімшесінің мекенжайы (ұйым оқшауланған бөлімше арқылы бөлшек сауда қызметін жүзеге асырған жағдайда);

    3) сауда қызметінің субъектісі сатып алушыға «такс фри» жүйесінде берген БКМ чегінің реттік нөмірі мен күні;

    4) өнімнің атауы және оның саны;

    5) ҚҚС сомасын есепке ала отырып, өткізілген тауарлар құны;

    6) «такс фри» жүйесінде сауда қызметі субъектісінің өткізілген тауарлар бойынша есептеген ҚҚС сомасы;

    7) оператордың комиссиясын есепке алмағанда ҚҚС өтемақысының сомасы;

    8) сатып алушы төлқұжатының сериясы, нөмірі және берілген күні;

    9) сатып алушының латын әліпбиі әріптерімен жазылған тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) (жеке басын куәландыратын құжат (төлқұжат) деректеріне сәйкес);

    10) уәкілетті органы жеке тұлғаға латын әліпбиі әріптерімен жазылған жеке басының куәлігін берген шет мемлекеттің атауы (жеке басын куәландыратын құжат (төлқұжат) деректеріне сәйкес);

    11) «такс фри» кешенінде оны пайдаланған кезде, есептегіш құрылғыларды қолдана отырып, «такс фри» құжатының нөмірін сәйкестендіруді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін штрих-коды (QR-код) көрсетіле отырып, жасалады;

    12) сатып алушының ҚҚС сомасы өтемақысы жүзеге асырылатын банк картасының деректемелері.

    Сауда қызметінің субъектісі «такс фри» құжатын жазып беру үшін сатып алушыдан жеке басын куәландыратын құжатты (төлқұжатын) сұрайды.

    Сатып алушы жеке басын куәландыратын құжатты (төлқұжатын) көрсеткен кезде сауда қызметінің субъектісі толтырылған «такс фри» құжатының нысанын дұрыс толтырады, қол қояды және сатып алушыға береді.

    «Такс фри» құжатына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді.

    1. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес сатып алынған тауарларды қайтару кезінде тауарға бұрын ұсынылған «такс фри» құжатын сатып алушы тауарларды есепке алу жүйесінде және «такс фри» кешенде тауарды қайтару және БКМ чегін жою бойынша операцияларды жүзеге асыратын сауда қызметінің субъектісіне қайтаруға тиіс.

    «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес тауарды айырбастау кезінде тауарға бұрын ұсынылған «такс фри» құжаты сауда қызметінің субъектісіне қайтарылуға және жаңа «такс фри» құжатын ресімдей отырып, «такс фри» кешенде және БКМ-де күшін жоюға тиіс.

    1. Сатып алушы осы Қағидалардың 3-тармағында айқындалған қалалардағы халықаралық әуежайлардың ғимараттарында орналасқан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктінен өткенге дейін сатып алушыға ресімделген:

    сатып алынған тауарларды;

    сатып алушыға берілген «такс фри» құжаттарын;

    шет мемлекет азаматының жеке басын куәландыратын құжатты (төлқұжатты);

    отырғызу талонын кедендік тексеруге ұсынады.

    1. 10. «Такс фри» жүйесі шеңберінде кедендік қарап-тексеруді «Қазақстан Республикасыныдағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес «такс фри» құжатында көрсетілген мәліметтердің кедендік қарап тексеруге ұсынылған тауарларға сәйкестігін белгілеу мақсатында тауарларды көзбен қарап тексеру арқылы МКО уәкілетті лауазымды адамы жүргізеді.

    Тауардың және салықсыз құжатта көрсетілген мәліметтердің кедендік тексеруге ұсыдылған тауарлармен сәйкестендіруі анықталған жағдайда МКО уәкілетті лауазымды адамы:

    1) қағаз жеткізгіштегі «такс фри» құжаты жеке нөмірленген мөрімен куәландырады;

    2) электрондық цифрлық қолтаңбаны (бұдан әрі – ЭЦҚ) пайдалана отырып, «такс фри» құжатын электрондық түрде расталады.

    1. Сатып алушы осы Қағидалардың 3-тармағында айқындалған қалалардың халықаралық әуежайларында кедендік бақылау аймағында МКО уәкілетті лауазымды адамының тауарларды қарап-тексеру рәсімінен және паспорттық бақылаудан өткеннен кейін операторға МКО-ға қарап-тексеру жүргізу туралы (жеке нөмірлік мөрі, ЭЦҚ) белгісі бар «такс фри» құжатын қалалардың халықаралық әуежайларының отырғызу аймағында орналасқан арнайы «такс фри» пошта жәшігі арқылы немесе оператор анықтаған жеткізудің тәсілімен жолдайды.
    2. Оператор сатып алушыға бір мезгілде мынадай шарттар сақталған:

    1) сатып алушы тиісінше толтырылған және МКО-ның белгісін
    (қағаз тасығышта жеке нөмірлі мөрін, электронды түрде ЭЦҚ) қамтитын «такс фри» құжатын ұсынған;

    2) сатып алушы сатып алған тауарлардың жалпы құны осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген шарттарға сәйкес келген;

    3) сатып алушы өзі сатып алған тауарларды ЕАЭО-ның кедендік аумағынан тыс жерлерге (тауарларды ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумақтары арқылы әкетуді қоспағанда) осы Қағидалардың 3-тармағында айқындалған қалалардың халықаралық әуежайларының ғимаратында орналасқан Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының өткізу пункті арқылы әкетуді жүзеге асырса, бұл «такс фри» құжатында (чекте) МКО-ның белгісімен (қағаз тасығышта жеке нөмірлі мөрін, электронды түрде ЭЦҚ) расталған;

    4) «такс фри» құжатын ресімдеу күнінен бастап ресімдеу айын қоспағанда, үш ай уақыт өтпеген кезде ҚҚС сомасының өтемақысын төлеуді жүргізеді.

    1. Оператор «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сатып алушыға деректемелері «такс фри» құжатында көрсетілген банк картасына ақша аудару арқылы ҚҚС сомасының өтемақысын қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырады.
    2. Сатып алушыға өтелетін ҚҚС сомасы сауда қызметі субъектісі тауарларды өткізген кезде сатып алушыға есептелген және осындай адам оператор айқындаған ҚҚС сомасының өтемақысы бойынша көрсетілетін қызметтің құнына азайтылған тауарлар бағасының құрамында төленген ҚҚС сомасы ретінде айқындалады.

    Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 131-бабының нормалары пилоттық жоба шеңберінде оператор сатып алушыға өтейтін ҚҚС сомасына қолданылмайды.

    1. Сатып алушы Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес акцизделетін деп танылатын тауарларды сатып алған кезде ҚҚС сомасының өтемақысын төлеу жүргізілмейді.
    2. Оператор ай сайын салыстырып тексеруді жүргізеді және кедендік тексеруден өткен «такс фри» құжаттары негізінде ҚҚС өтелуге жататын сомасын көрсете отырып қағаз жеткізгіште және (немесе) электрондық түрде әрбір сауда қызметінің субъектісі бойынша жеке шот береді.

    Оператор ай сайын, есептіден кейінгі айдың 15-і күніне
    «такс фри» кешенде автоматтандырылған жұмыс орны (АЖО) арқылы
    МКО-ға пилоттық жобаға қатысушылар және ҚҚС өтелінген сомасы бойынша мәліметтерді табыс етеді.

    1. Сауда қызметінің субъектісі «Такс фри» жүйесінде сатып алушыға бұрын тауарларды өткізген кезде есептелген және сатып алушыдан тауарлар бағасы құрамында операторға сатып алушыға ҚҚС өтемақысы үшін алынған ҚҚС сомасын төлеуді жүргізеді. Бұл ретте оператордың сауда қызметі субъектісінен «такс фри» жүйесінде ҚҚС сомасын алуы ҚҚС есептеу мақсатын іске асыру бойынша айналым болып танылмайды.

    Оператор көрсететін ҚҚС сомасының өтемақысы бойынша қызметтерді іске асыру бойынша айналым ҚҚС-тан босатылады және мұндай айналым мөлшері сауда қызметі субъектісінен алынған ҚҚС сомасы мен сатып алушыға ҚҚС өтемақысы сомасы арасындағы айырмашылық ретінде айқындалады.

    1. Сауда қызметінің субъектісі «Такс фри» жүйесінде оператор сауда қызметінің субъектісіне ұсынатын тізілім негізінде оператордың ҚҚС төленген сомалары бойынша есепке жатқызылатын ҚҚС сомасын ұлғайтуды жүргізеді.

    Есепке жатқызылатын ҚҚС сомасын ұлғайту операторға ҚҚС сомасы төленген салық кезеңінде жүргізіледі.

    1. Сауда қызметінің субъектісі «Такс фри» жүйесінде сатып алушыға
      «такс фри» жүйесінде ҚҚС сомасының өтемақысын төлеу жүзеге асырылатын тауарларды өткізу бойынша айналымдардың бөлек салықтық есепке алуды жүргізеді.
    2. Оператор:

    1) халықаралық әуежайлардағы жалпыға қолжетімді орындарда оператордың орналасқан жері туралы ақпараттық таблоны орналастыруды;

    2) мобильді қосымша және (немесе) электрондық пошта арқылы сатып алушыға консультация беруді және қолдау көрсетуді;

    3) «такс фри» жүйесі туралы ақпаратты халықаралық әуежайлардағы жалпыға қолжетімді орындарда және сауда қызметі субъектісінде орналастыруды;

    4) екінші деңгейдегі банк комиссиясын қоса алғанда, бірақ өтемақыға расталған ҚҚС сомасының 20 (жиырма) пайызынан аспайтын көрсетілген қызмет үшін комиссияны ұстап қалуды;

    5) салықтық әкімшілендіру мақсатында деректерді МКО-ның ақпараттық немесе цифрлық жүйесіне беруді;

    6) пилоттық жобаны іске асыру мақсатында сауда қызметі субъектісінің сауда орындарын және халықаралық әуежайлардағы тауарларды тексеру пункттерін қажетті жабдықтармен жабдықтауды;

    7) «такс фри» құжатын қалыптастыру, оны қарау және пилоттық жобаға қатысушылардың әкімшілендіру үшін тиісті режимдері мен пайдаланушы құқықтары бар «такс фри» кешенге рұқсаты бар сауда қызметінің субъектілерінде және МКО уәкілетті лауазымды адамында автоматтандырылған жұмыс орнының (АЖО) болуын;

    8) сатып алушыға ҚҚС сомасын өтеуді оператор халықаралық төлем жүйелері арқылы күнтізбелік 14 (он төрт) күннен кейін, бірақ сауда қызметінің субъектісі сатып алушыға берген тауарды сатып алуды жасау туралы БКМ чегінде көрсетілген күннен бастап үш айдан кешіктірмей жүргізуді қамтамасыз етеді.

    1. Сауда қызметінің субъектісі айналым және операторға аударылған ҚҚС сомаларын оператор ұсынған тізілім негізінде тиісті салық кезеңі үшін ҚҚС салықтық есептілігінің тиісті ұяшықтарында көрсетеді.

    2-параграф. «Такс фри» құжатын қағаз жеткізгіште ресімдеу

    1. Сауда қызметінің субъектісі «такс фри» кешені арқылы «такс фри» құжатын екі данада қалыптастырады:

    1) бір данасы сауда қызметінің субъектісінде қалады және архивте сақталады;

    2) екінші данасы сатып алушыға қолма-қол беріледі.

    Оператордан төлем жасауға құжатты (шотты) алғаннан кейін
    3 (үш) жұмыс күні ішінде оператордың банктік шотына ақша қаражаты аударылады.

    1. Сатып алушы тауарды сатып алу кезінде «такс фри» құжатының дұрыстығын тексереді.
    2. Кедендік қарап-тексеру аймақтарында тауарларды қарап-тексеру рәсімінен өткізу кезінде «такс фри» құжатымен бір мезгілде сатып алушыны сәйкестендіру және тауарды Қазақстан Республикасының аумағынан іс жүзінде әкетуді растау мақсатында МКО-ның уәкілетті лауазымды адамына
      қарап-тексеру үшін жеке басын куәландыратын құжатты (паспортты), отырғызу талонын және әкетілетін тауарды ұсынады.
    3. МКО-ның уәкілетті лауазымды адамы кедендік тексеру аймағында тауарды тексеруді жүргізеді және оның болуын «такс фри» құжатымен салыстырады.

    «Такс фри» құжатында көрсетілген ақпарат тексеруге ұсынылған тауарға сәйкес келген кезде МКО-ның уәкілетті лауазымды адамы:

    «Такс фри» құжатында тауарды әкету фактісінің осы Қағидаларға сәйкестігі туралы белгі жасайды;

    «Такс фри» құжатын жеке нөмірлік мөрмен куәландырады.

    «Такс фри» құжатында көрсетілген тауардың осы Қағидаларға сәйкес келмеуі не оның болмауы анықталған кезде сатып алушы ұсынған
    «такс фри» құжатында МКО-ның уәкілетті лауазымды адамы тиісті белгі қояды және «такс фри» құжатының барлығын растаудан бас тартады.

    1. Кедендік тексеру аймағында тауарлар тексеру рәсімінен өткеннен кейін сатып алушы әкетілетін тауарды тиісті «такс фри» операторының арнайы «такс фри» пошта жәшігіне тексеру жүргізу туралы МКО-ның уәкілетті лауазымды адамының белгісі бар (жеке нөмірлік мөр) «такс фри» құжатын орналастырады.
    2. Оператор:

    1) аптасына кемінде бір рет «такс фри» құжаттарын «такс фри» арнайы пошта жәшіктерінен алуды жүргізеді және сауда қызметі субъектісі берген БКМ чектерін сәйкестендіруді және өңдеуді қамтамасыз етеді;

    2) «такс фри» құжатында МКО-ның уәкілетті лауазымды адамының
    «такс фри» кешенінен деректерді «такс фри» құжатында көрсетілген деректермен салыстыру арқылы тауарды әкету фактісін растауы туралы белгі болған кезде және осы Қағидалардың шарттарына сәйкес болған кезде өтемақыға жататын ҚҚС сомасында растауды жүргізеді;

    3) ҚҚС өтемақы сомасы расталған кезде оператор ағымдағы тоқсанның соңғы күнтізбелік күнінен кешіктірмей «такс фри» кешенікомплексе арқылы сауда қызметі субъектісіне төлеуге шот береді;

    4) «такс фри» құжаты осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келген кезде оператор сатып алушыға осы Қағидалардың 13-тармағына сәйкес, осы Қағидалардың 20-тармақтың 8) тармақшасында белгіленген мерзімде ҚҚС өтемақы сомасын аударуды жүзеге асырады;

    5) «такс фри» құжаты осы Қағидалардың 5, 6, 7-тармақтарында,
    8-тармақтың бірінші бөлігінде, 10 және 12-тармақтарында көрсетілген шарттарға сәйкес келмеген, сондай-ақ МКО-ның уәкілетті лауазымды адамының тауарды әкету фактісінің осы Қағидалардың шарттарына сәйкестігі туралы белгісі болмаған жағдайда, оператор сатып алушыға ҚҚС сомасын өтеуден бас тартады.

    Бұл ретте сатып алушыға, сауда қызметінің субъектісіне және МКО-ға бас тарту себебін сипаттай отырып, ҚҚС өтемақысын төлеуден бас тарту туралы ақпарат жіберіледі.

    3-параграф. «Такс фри» құжатын электрондық түрде ресімдеу

    1. Сауда қызметінің субъектісі сатып алушыға тауарды өткізген кезде:

    сатып алушының төлқұжатын сканерлейді;

    тауар туралы ақпаратты штрих-кодқа (QR-код) генерациялай отырып, «такс фри» кешенінде «такс фри» құжатын қалыптастырады;

    сатып алушыға БКМ чегін береді.

    1. Сатып алушы тауарларды тексеру рәсімінен өткізу кезінде тауармен бірге МКО-ның уәкілетті лауазымды адамына мобильдік қосымшасында көрсетілген штрих-кодты (QR-кодты) сканерлеу үшін шет мемлекет азаматының жеке басын куәландыратын құжатты (паспортын), отырғызу талонын және электрондық өтінімді ұсынады.
    2. МКО-ның уәкілетті лауазымды адамы кедендік тексеру аймағында «такс фри» кешенді арқылы сатып алушының мобильді қосымшасының
      «такс фри» электрондық құжатында көрсетілген штрих-кодты (QR-код) сканерлейді және тексеруге нақты ұсынылған тауарды сырттай көзбен шолып қарау жүргізеді.
    3. «Такс фри» жүйесі шеңберінде кедендік тексеруді МКО-ның уәкілетті лауазымды адамы тексеруге ұсынылған тауарлардың мобильді қосымшаның «такс фри» электрондық құжатында көрсетілген мәліметтермен сәйкестігін анықтау мақсатында тауарларды көзбен шолып қарау жолымен жүргізеді.

    МКО-ның уәкілетті лауазымды адамы мобильді қосымшаның
    «такс фри» электрондық құжатында көрсетілген мәліметтер дұрыс болған жағдайда «такс фри» кешенде тауарды әкету фактісінің осы Қағидалардың шарттарына сәйкестігі туралы белгі қояды және МКО-ның уәкілетті лауазымды адамының ЭЦҚ-мен куәландырады.

    Оператор «такс фри» құжатында және «такс фри» кешенінде МКО-ның уәкілетті лауазымды адамының тауарды нақты әкету туралы белгісі болмаған жағдайда сатып алушыға ҚҚС сомасын өтеуден бас тартады.

    Бұл ретте сатып алушыға, сауда қызметінің субъектісіне және МКО-ға «такс фри» кешені арқылы бас тарту себебін сипаттай отырып, ҚҚС өтемақысын төлеуден бас тарту туралы ақпарат жіберіледі.

    1. «Такс фри» пилоттық жобасын электрондық форматта іске асыру мақсаттары үшін Оператор:

    1) сауда қызметі субъектісінде және кедендік тексеру аймағында
    «такс фри» кешенін орнатылған қажетті жабдықты белгілейді;

    2) сауда қызметі субъектілерінің өкілдері мен МКО-ның уәкілетті лауазымды адамдары арасында тауарды сатып алушыға өткізу кезінде
    «такс фри» құжатын қалыптастыру және оны кедендік қарап-тексеру аймағында электрондық форматта растау бөлігінде «такс фри» кешенінде жұмыс істеу қағидаларын түсіндіруді тұрақты негізде жүзеге асырады;

    3) «такс фри» кешенін және мобильді қосымшаның жұмыс жағдайында жаңартуды және қолдауды жүргізеді;

    4) «такс фри» кешенінде сауда қызметі субъектісі қалыптастырған
    «такс фри» құжатының штрих-кодын (QR-код) кедендік тексеріп қарау аймағында штрих-кодты (QR-кодты) сканерлеу кезінде МКО-ның уәкілетті лауазымды адамының деректерімен салыстырады;

    5) «такс фри» кешені арқылы сауда қызметі субъектісінен сатып алушыға тауарды өткізу туралы және МКО-ның уәкілетті лауазымды адамынан осы Қағидаларға сәйкес тауарды әкету фактісін растау туралы ақпаратты қабылдайды;

    6) электрондық БКМ чектерін сәйкестендіруді және өңдеуді қамтамасыз етеді;

    7) сатып алушыға өтелуге жататын ҚҚС сомасын растау мақсатында сатып алушы экспорттаған тауарлардың өлшемшарттарының осы Қағидалардың 5, 10 және 12-тармақтарының талаптарына сәйкестігін тексереді;

    8) «такс фри» құжаты осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келген кезде оператор сатып алушыға осы Қағидалардың 13-тармағына сәйкес, осы Қағидалардың 20-тармақтың 8) тармақшасында белгіленген мерзімде ҚҚС өтемақы сомасын аударады;

    9) «такс фри» құжатының осы Қағидалардың 5, 6, 7-тармақтарында, 8-тармағының бірінші бөлігінде, 10 және 12-тармақтарында көрсетілген шарттарға сәйкес келмейтіні анықталған жағдайда, оператор ҚҚС сомасын өтеуден бас тартады және «такс фри» кешенінде ҚҚС сомасын өтеуден бас тарту себептері туралы ақпаратты орналастырады.

    Бұл ақпарат тікелей сатып алушыға, тауар сатып алынған сауда субъектісіне және МКО уәкілетті лауазымды адамына ғана қолжетімді.

    Жүктеу
    Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 4 июня 2026 года № 363 «Об утверждении Правил и сроков реализации пилотного проекта по компенсации суммы налога на добавленную стоимость физическим лицам, являющимся гражданами иностранных государств, при вывозе товаров за пределы таможенной территории Евразийского экономического союза, за исключением вывоза товаров через территории государств-членов Евразийского экономического союза (пилотный проект «такс фри»)»Приказ "такс-фри"PDF · 166 КБПриложение к Приказу Министра финансов Республики Казахстан от 4 июня 2026 года № 363 «Об утверждении Правил и сроков реализации пилотного проекта по компенсации суммы налога на добавленную стоимость физическим лицам, являющимся гражданами иностранных государств, при вывозе товаров за пределы таможенной территории Евразийского экономического союза, за исключением вывоза товаров через территории государств-членов Евразийского экономического союза (пилотный проект «такс фри»)»Приложение к Приказу "такс-фри"PDF · 198 КБ

    Ұқсас материалдар

    Решение

    Қатысушылардың әңгімелесуге жіберу туралы ШЕШІМ

    ШЕШІМ № Лауазым Кандидаттың ТАӘ Шешім ( жіберілді /жіберілген жоқ) Жіберілмеу себебі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Оқу-әдістемелік орталығының біліктілікті арттыру кәсіби даярлық бөлімінің бас маманы Ерищева Бота Сайлаубаевна жiберiлдi

    kgdЖарияланды:
    Документ

    «2025 жылға арналған салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру бойынша ҚР ҚМ МКК қызметінің қорытындысы»

    2025 жылдың қорытындылары мен көрсеткіштері. Сервистік бағытқа қарамастан, государственный орган әкімшілендірудің жоғары тиімділігін көрсетуде: Бюджет кірістері. Өткен жылмен салыстырғанда салықтық түсімдердің 3,5 трлн теңгеге немесе 17,7 %-ға өсуі қамтамасыз етілді. Ірі бизнес. Ірі салық төлеушілерден түсетін түсімдер 18,2%-ға (7,7 трлн теңге) өсті. Инфрақұрылым. Өткізу қабілеті жылына 5 млн автокөлікке дейін арттырылған 9 өткізу пункті жаңғыртылды. 2026–2028 жылдарға арналған көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдың Кешенді жоспары әзірленуде, оның негізіне әділ салық жүктемесі қағидаты алынған. 2026 жылға арналған басымдықтар Ағымдағы жылы Мемлекеттік кірістер комитеті келесі төрт бағытқа баса назар аударады: Салықтық және кедендік әкімшілендіруді толық цифрландыру. Проактивті сервистік модельді дамыту (қателік туындағанға дейін көмек көрсету). Big Data және жасанды интеллект негізіндегі тәуекелге бағдарланған бақылау. Көлеңкелі экономиканың деңгейін төмендету.

    kgdЖарияланды:
    Ақпарат

    Жалпыға бірдей декларациялауға байланысты мәселелер бойынша сұрақ-жауап

    Жалпыға бірдей декларация бойынша сұрақтар мен жауаптар 1. Сұрақ: Жалпы декларацияларды тапсырудың соңғы мерзімі қандай? Жауап: Қағаз және электронды түрде – декларация тапсыру міндеттемесі туындаған жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірмей. 2. Сұрақ: Декларацияға банк депозиттерін қосу керек пе? Жауап: Иә, қосу керек, бірақ тек Қазақстаннан тыс жерде орналасқан шетелдік банктердегі банк шоттарындағы барлық банк салымдары үшін ең төменгі айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 1000 еселенген сомасынан асатын салымдарды қосуым керек. 3. Сұрақ: Менің Қазақстанның бірнеше қалаларында жылжымайтын мүлкім бар. Барлық пәтерлерімді активтер мен міндеттемелер декларациясына (250.00 нысан) қосуым керек пе? Жауап: Жоқ, активтер мен міндеттемелер декларациясына тек Қазақстаннан тыс жерде тіркелген жылжымайтын мүлік көрсетілу керек. 4.Сұрақ: Мен бұрын мемлекеттік қызметкер болдым, 250.00 және 270.00 нысандары бойынша салық декларацияларын тапсырдым. Өткен жылы зейнетке шықтым. Осы жылы 270.00 нысан бойынша салық декларациясын тапсыруым керек пе? Жауап: Егер өткен жылы мемлекеттік қызметте кем дегенде бір күн жұмыс істеген болса, осы жылы 270.00 нысан бойынша салық декларациясын тапсырады. Кейінгі жылдары 270.00 нысан бойынша салық декларациясын тек өз бетінше салық салынуға жататын кірістер алған жағдайда , оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі көздерден кіріс алған болса, не Қазақстан Республикасынан тыс жерде тіркелген жылжымалы не жылжымайтын мүлік, активтер немесе банк шоттары болған жағдайда, немесе жалпы құны 20 000 АЕК-тен асатын мүлік пен активтерді, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде сатып алған жағдайда , сондай-ақ дебиторлық не кредиторлық берешегі болған жағдайда ғана тапсырады. 5.Сұрақ: Мемлекеттік қызметшілердің Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан шетелдік банктерде банк шоттары бола ала ма? Жауап: Иә, бола алады, бірақ тек ерекше жағдайларда ғана: егер мемлекеттік қызметші шетелдік мекемелерде жұмыс істеуге жіберілсе, шетелде іссапарда болса немесе оқыса, шетелде тағылымдамадан өтсе, шетелде емделіп жатса немесе кәмелетке толмаған баланың заңды өкілі не қамқоршысы ретінде шетелде болса.

    kgdЖарияланды:
    Басқа

    Anti-Corruption Standards of the State Revenue Authorities

    kgdЖарияланды:
    Решение

    Бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі

    «Б» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс өткізу үшін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің конкурстық комиссияның 2026 жылғы 16 маусымдағы № 42 ШЕШІМІ Бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі № Лауазым Т.А.Ә. 1 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Батыс – Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары, C-О-2 санаты (1 бірлік) Зауытбекұлы Исабек

    kgdЖарияланды:
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.