2025 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша ақпарат

    selhoz-zhezkazgan

    selhoz-zhezkazgan·

    Жезқазған қаласының «Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес қала тұрғындарына мемлекеттік қызметтердің 4 түрін көрсетеді. 2025 жылы бөлім тарапынан барлығы 484 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде қағаз жүзінде – 1 қызмет, электрондық форматта – 483 қызмет көрсетілді.

    Бекітілген медиа-жоспарға сәйкес, 2025 жылы әлеуметтік желілерде және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық материалдар жарияланды. Атап айтқанда, баспа басылымында мемлекеттік техникалық байқауды өткізу кестесі жарияланып, тікелей эфир барысында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

    Акиматтың бірінші қабатында орналасқан Open Akimat алаңында мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттері орналастырылған, сондай-ақ электрондық мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алу мүмкіндіктері қамтамасыз етілген. Аталған кеңістікте бөлім қызметкерлері азаматтарға мемлекеттік қызметтерді алу барысында кеңес беру және практикалық көмек көрсету жұмыстарын жүзеге асырады. Сонымен қатар, бөлімде халыққа қолайлылықты арттыру мақсатында «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы — Egov» жұмыс істейді.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.