- тарау. Жалпы ережелер
- «Қорғалжын ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бѳлімі» мемлекеттік мекемесі (бөлім) Қорғалжын ауданы аумағында ішкі саясат, тілдерді дамыту салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
- Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Зандарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік-қүқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
- Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
- Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
- Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
- Бөлім өз құзыретінің мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Қорғалжын ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бѳлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
- Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
- Заңды тұлғаның орналасқан жері: 021300 Қазақстан Республикасы,
Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Қорғалжын ауылы, X.Болғанбаев
көшесі , 9 . - Осы Ереже бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
- Бөлімнің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қорғалжын ауданының жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
- Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен бөлімнің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер бөлімге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, оңда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
- тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
- Мақсаттары: Қорғалжын ауданы аумағында ішкі саясат және тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты тиімді іске асыру және үйлестіруді жүзеге асыру.
- Өкілеттіктері:
- құқықтары:
- мемлекеттік мекемелерден, меншік нысанына қарамастан ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан, өзге де атқарушы органдардан өз функцияларын орындауға қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
- бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, конференциялар, семинарлар өткізуге бастамашылық жасау;
- мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте жергілікті атқарушы органдармен, меншік нысанына қарамастан ұйымдармен, мекемелермен және объектілермен өзара іс-қимыл жасауға;
- «Қорғалжын ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қызмет көрсетуге жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасау;
- «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 489-1-бабымен қарастылырған әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы толтыру;
- аудан басшылығының қарауына бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойнша ұсыныстар енгізуге;
- заңды және жеке тұлғалар ресми түрде сұрау салған жағдайда, өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен ақпараттар беруге міндетті;
- қолданыстағы заңнамалық актілермен қарастырылған өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.
- міндеттері:
- ауданда жергілікті мемлекеттік басқару органдарымен Қазақстан Республикасы Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілері мен тапсырмаларына сәйкес "Қорғалжын аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мемлекеттің ішкі саясатын орындалуын іске асыру қамтамасыз ету;
- Қорғалжын ауданы аумағында ауданның үкіметтік емес діни, жастар бірлестігіне қатысты мемлекеттің жүйелі саясатын жүргізу, саяси партиялармен байланысын жүзеге асыру;
- Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси және ішкі саясат мәселелері жөніндегі заңнамаларын түсіндіру және насихаттау;
- аудан деңгейінде саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен, кәсіподақтармен, қоғамдық-саяси және діни ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, көпшілік өкілдерімен қарым-қатынаста болу;
- Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясының,
ҚР Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларын насихаттауды қамтамасыз ету; - аудан деңгейінде мемлекеттік ақпарат саясатын жүзеге асыру;
- мемлекеттік тілді жан-жақты дамыту, оның беделін нығайту, ауданның барлық азаматтарының мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруіне барлық қажетті жағдайларды жасау;
- Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте мекемеге жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
- Функциялары:
- Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдарламаларын, облыс және аудан әкімдіктерінің қаулыларын, облыс және аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін түсіндіру және насихаттау;
- ауданда болып жатқан қоғамдық-саяси процестерді және олардың даму тенденциясын жан-жақты және нақты зерттеу, жинақтап қорыту және талдау;
- мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру, мемлекеттік тапсырысты орындау бойынша, оны өткізу жөнінде аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін үйлестіру;
- ауданда болып жатқан қоғамдық процестерді реттеу және талдау, әлеуметтік шиеленісу ошақтарын анықтау, республика, облыс, аудан өмірінің маңызды мәселелері жөнінде қоғамдық пікірді қалыптастыру;
- ауданның жастар саясатын іске асыру жөніндегі жұмысты жүзеге асыру;
- Қорғалжын ауданының аумағында дінге қатысты мемлекеттік саясатын біртіндеп жүзеге асыру, діни бірлестіктердің қарым-қатынасын реттеу саласындағы заңнаманы жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
- саяси партиялармен, құқық қорғау, діни және басқа да қоғамдық ұйымдармен байланысты жүзеге асыру;
- тұрғындар арасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қарауды қалыптастыру бойынша жұмысты жүзеге асыру, мемлекеттік рәміздерді қолдану мен насихаттау мәселелері бойынша ұсыныстар мен нұсқаулықтар әзірлеу;
- отбасы - демографиялық мәселелер бойынша жұмыс жүргізу;
- мемлекеттік тілді және басқа тілдерді дамытуға бағытталған аудандық деңгейдегі іс-шараларды жүргізеді;
- мемлекеттік тілдің қоғам өмірінің барлық салаларында қолданылуын қамтамасыз ету және ауданда тіл саясатын жүргізу;
- Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да міндеттерді жүзеге асырады.
- азаматтарды тіл қағидаты бойынша кемсітушілікке жол бермеу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
- тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының
мәртебесі, өкілеттіктері
- Бөлімді басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
- Бөлімнің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатылады.
- Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттіктері:
- Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіппен «Қорғалжын ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бөлімнің қызметкерлерін ынталандыру, оларға материалдық көмек көрсетуді, тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;
- Бөлімнің қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
- Қорғалжын ауданы әкімдігінің қаулысымен бекітілген штат саны мен құрылымының лимиті шегінде бөлімнің штат кестесін бекітеді;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапты болады;
- мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда ««Қорғалжын ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;
- өзінің құзыретіндегі мәселелер бойынша бөлімнің барлық қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаларға қол қояды, сенімхаттар береді;
- жеке және заңды тұлғаларғадың өтініштерін қарайды, жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауын жүзеге асырады;
- бөлімнің қызметін қамтамасыз ету және оған жүктелген тапсырмаларды орындау мақсатында мемлекеттік сатып алуларды өткізуді ұйымдастырады;
- Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы Ережемен және уәкілетті органмен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
- Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
- тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
- Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
- Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
- Егер заңнамада өзгеше көзделмесе «Қорғалжын ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
- тарау. Мемлекеттік органды қайта құру және тарату
- Бөлімді қайта ұймдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік органның қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
- Қорғалжын ауданы ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің «Тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекеме.
- Қорғалжын ауданы ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің «Қорғалжын ауданы жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекеме.