31.05.2026 жылғы бюджеттің атқарылуы туралы есеп
economy-nura
Ұқсас материалдар
2023 жылға "Дипломмен ауылға"бағдарламасы бойынша көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредиттер түрінде әлеуметтік қолдау шараларын көрсету бойынша ақпарат
"Дипломмен ауылға"бағдарламасы бойынша көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредиттер түрінде әлеуметтік қолдау шараларын көрсету бойынша ақпарат "Нұра ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді.Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келгенденсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы"бұйрығына сәйкес, 2023 жылға арналған көтерме жәрдемақылардың мөлшері 100 АЕК, яғни 345,0 мың теңге және бюджеттік кредиттердің мөлшері 1500 АЕК, яғни 5175,0 мың теңге мөлшерінде айқындалған. Жоспарланған қаржы жылына әр сала бойынша ұсынылған бос жұмыс орындарына сәйкес талап етілетін мамандықтардың тізбесі бекітіледі, ол аудан әкімінің сайтында орналастырылады. 2010 жылдан 2022 жылға дейін 104,7 млн. теңге сомасына 606 көтерме жәрдемақы, 857,9 млн. теңге сомасына 282 маманға бюджеттік кредит берілді. 2023 жылға жалпы сомасы 19320,0 мың теңгеге 56 маманға көтерме жәрдемақы жоспарланған, бүгінгі жағдай бойынша 34 маман көтерме жәрдемақы алды, айдың соңына дейін тағы 13 маманға төленеді, ағымдағы жылдың 01 қарашасына күтілетін игерілуі 16215,0 мың теңге.Оның ішінде: білім беру саласында -27 маманға, денсаулық сақтау - 6, Мәдениет-1, спорт -3, мемлекеттік қызмет-7, АӨК-3. 2023 жылға тұрғын үй сатып алуға немесе салуға 207000,0 мың теңге сомасына 40 маманға бюджеттік кредиттер жоспарланған. Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап "Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша қызмет көрсету операторы болып Ұлттық экономика Министрінің бұйрығына сәйкес, Отбасы Банкі тағайындалды, Агрокредиттік корпорациядан қолданыстағы кредиттерді Отбасы банкі АҚ-ға беру жүзеге асырылды. Жыл басында бюджеттік кредит алуға кезекте 19 маман болды, 13 маманнан өтінім қабылданды, оның ішінде 5 өтінім кезекте тұрғандардан.4 маман несие алды, 3 маманы бойынша кепіл шарты әділет органдарында тіркелуде, 2 сатып алу - сату шарты отбасы банкінің қарауына берілді, қарыз және кепіл шартын күтудеміз. 3 маман бойынша мақұлданды, жылжымайтын мүлікті бағалау сатысында, 1 маман қаулыны мақұлдағаннан және қабылдағаннан кейін өтініштің күшін жойды ( бұл сомаға баспана таппады). Ағымдағы жылдың 01 қарашасына күтілетін игерілуі 60935,0 мың теңге. (игерілмеген сома 104665,0 мың теңге, оның ішінде Құланұтпес ауылындағы тұрғын үй құны бойынша 1165,0 мың теңге үнемдеу).Оның ішінде: білім беру - 6 маман сомасы-29885,0 мың теңге, денсаулық сақтау-4 маман -20700,0 мың теңге, спорт-1 маман - 5175,0 мың теңге, мемлекеттік қызмет - 1 маман -5175,0 мың теңге. Бүгінгі күні отбасы банк порталында осы функцияның болмауы себебінен кезекке қою жүргізілмейді. Бұл проблемалық мәселе болып табылады, өйткені ағымдағы жылдың қаражатын игергеннен кейін көтерме жәрдемақылар бойынша кезекке қою қажет, мәселе отбасы банкіне жеткізілді. Мамандар әртүрлі себептермен несиелерден бас тартады, бірақ басты себеп - тұрғын үй құны. Жоғарыда айтылғандай, несие мөлшері 5175,0 мың теңгені құрайды. Жыл ішінде тұрғын үйдің орташа бағасы ҚБШ үшін сатып алу есебінен жоғары болды (9,6 млн. теңге). Тағы бір фактор-бұрын АКК ерлі-зайыптылардың екеуіне де ортақ тұрғын үй сатып алуға несие берген, бірақ «Отбасы Банкі» АҚ-да «бір несие, бір кепіл» қағидасы бар. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 126 бұйрығымен бекітілген "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" Ережесімен мамандар ақпараттандырылды, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап бюджеттік кредиттердің сомалары айқындалды: ауданның әкімшілік орталықтары болып табылатын ауылдық елді мекендерде 2500 АЕК-тен аспайтын мөлшерде; ауылдық елді мекендерге айлық есептік көрсеткіштің 2000 еселенген мөлшерінен аспайтын сомада. Тұрғын үйге сәйкестендіру және құқық белгілеу құжаттарының сәйкес келмеу фактілері бар, бұл сатып алу-сату шарттарын ресімдеуді қиындатады және мәміленің күшін жоюға әкеледі. Экономика бөлімінің маманы Дипломмен ауылға бағдарлама бойынша келген мамандарға түсіндіру, хабардар ету бойынша жан-жақты жұмыс жүргізеді (телефон арқылы, әлеуметтік желілер арқылы). Сондай-ақ, осы тақырып бойынша тікелей эфирлер өткізіледі.
2022 жылдың қорытындысы бойынша «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы ақпарат
2022 жылдың қорытындысы бойынша «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы АҚПАРАТ «Нұра ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шараларын көрсету бойынша мемлекеттік қызметті жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығымен бекітілген «Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен салаларындағы мамандарға, сондай-ақ кенттер, ауылдар және ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген кезде әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларына» сәйкес, 2023 жылға көтерме жәрдемақы мөлшері 100 АЕК немесе 345,0 мың теңгені, ал бюджеттік кредит мөлшері 1500 АЕК немесе 5 175,0 мың теңгені құрайды. 2022 жылы ауылдық жерге келген 55 маманға жалпы сомасы 16 846,5 мың теңге көлемінде көтерме жәрдемақы төленді, оның ішінде: * білім беру саласында – 27 маманға 8 270,1 мың теңге; * денсаулық сақтау саласында – 15 маманға 4 594,5 мың теңге; * мәдениет саласында – 3 маманға 930,6 мың теңге; * спорт саласында – 4 маманға 1 225,2 мың теңге; * агроөнеркәсіптік кешен саласында – 3 маманға 930,6 мың теңге; * мемлекеттік қызметшілерге – 3 адамға 930,6 мың теңге. Тұрғын үй сатып алуға 30 маманға жалпы сомасы 136 735,2 мың теңге көлемінде бюджеттік кредит берілді, оның ішінде: * білім беру саласында – 20 маманға 91 139,2 мың теңге; * денсаулық сақтау саласында – 4 маманға 18 378,0 мың теңге; * мәдениет саласында – 2 маманға 9 125,5 мың теңге; * агроөнеркәсіптік кешен саласында – 1 маманға 4 594,5 мың теңге; * мемлекеттік қызметшілерге – 3 адамға 13 498,0 мың теңге. 2023 жылға жалпы сомасы 19 320,0 мың теңгеге 56 маманға көтерме жәрдемақы төлеу және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін жалпы сомасы 207 000,0 мың теңгеге 40 маманға бюджеттік кредит беру жоспарлануда.
2022 жылдың он айының қорытындысы бойынша «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы АҚПАРАТ
2022 жылдың он айының қорытындысы бойынша «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы АҚПАРАТ «Нұра ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шараларын көрсету бойынша мемлекеттік қызметті жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығымен бекітілген «Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен салаларындағы мамандарға, сондай-ақ кенттер, ауылдар және ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген кезде әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларына» сәйкес, 2022 жылы көтерме жәрдемақының мөлшері 100 АЕК немесе 306,3 мың теңгені, ал тұрғын үй сатып алуға берілетін бюджеттік кредит мөлшері 1500 АЕК немесе 4 594,5 мың теңгені құрады. 2022 жылға ауылдық жерге келген мамандарға жалпы сомасы 16 846,5 мың теңгеге 55 адамға көтерме жәрдемақы төлеу және жалпы сомасы 188 374,5 мың теңгеге 41 маманға тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит беру жоспарланған. Бүгінгі күні 53 маманға жалпы сомасы 13 170,9 мың теңге көлемінде көтерме жәрдемақы төленді, оның ішінде: * білім беру саласында – 26 маманға 7 963,8 мың теңге; * денсаулық сақтау саласында – 14 маманға 4 288,2 мың теңге; * мәдениет саласында – 3 маманға 930,6 мың теңге; * спорт саласында – 4 маманға 1 225,2 мың теңге; * агроөнеркәсіптік кешен саласында – 3 маманға 930,6 мың теңге; * мемлекеттік қызметшілерге – 3 адамға 930,6 мың теңге. 2022 жылға 41 маманға жалпы сомасы 188 374,0 мың теңге көлемінде бюджеттік кредит беру жоспарланған болатын. Бүгінгі күні 24 маманға жалпы сомасы 82 479,7 мың теңге көлемінде бюджеттік кредит берілді. Сонымен қатар, 6 маманның құжаттары рәсімделу сатысында. Қазіргі уақытта 15 маман кезекте тұр және тұрғын үй іздестіруде. Көтерме жәрдемақы мен бюджеттік кредит беруден 15 маманға бас тартылды. Бас тарту себептері: * келу фактісінің расталмауы; * соңғы екі жыл ішінде 90 (тоқсан) күнтізбелік күннен астам мерзімі өткен берешектің болуы.
2022 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша «Дипломмен ауылға» бағдарламасы шеңберінде көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы ақпарат
2022 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша «Дипломмен ауылға» бағдарламасы шеңберінде көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы АҚПАРАТ «Нұра ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шараларын көрсету бойынша мемлекеттік қызметті жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығымен бекітілген «Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен салаларындағы мамандарға, сондай-ақ кенттер, ауылдар және ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген кезде әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларына» сәйкес, 2022 жылы көтерме жәрдемақының мөлшері 100 АЕК немесе 306,3 мың теңгені, ал тұрғын үй сатып алуға берілетін бюджеттік кредит мөлшері 1500 АЕК немесе 4 594,5 мың теңгені құрады. 2022 жылға ауылдық жерге келген мамандарға жалпы сомасы 16 846,5 мың теңгеге 55 адамға көтерме жәрдемақы төлеу және жалпы сомасы 188 374,5 мың теңгеге 41 маманға тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит беру жоспарланған. Есепті кезеңде 33 маманға жалпы сомасы 10 143,0 мың теңге көлемінде көтерме жәрдемақы төленді, оның ішінде: * білім беру саласында – 15 маманға 4 594,5 мың теңге; * денсаулық сақтау саласында – 8 маманға 2 462,1 мың теңге; * спорт саласында – 2 маманға 612,6 мың теңге; * агроөнеркәсіптік кешен саласында – 3 маманға 930,6 мың теңге; * мемлекеттік қызметшілерге – 3 адамға 930,6 мың теңге. 2022 жылға 41 маманға жалпы сомасы 188 374,0 мың теңге көлемінде бюджеттік кредит беру жоспарланған болатын. Бүгінгі күні 18 маманға жалпы сомасы 82 479,7 мың теңге көлемінде бюджеттік кредит берілді. Сонымен қатар, 5 маманның құжаттары рәсімделу сатысында. Қазіргі уақытта 13 маман кезекте тұр және тұрғын үй іздестіруде. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 24 009,0 мың теңге көлемінде бюджет қаражатын игермеу қаупі бар, оның ішінде: * 1 036,5 мың теңге – үнемделген қаражат есебінен; * 22 972,5 мың теңге – өтініштердің болмауына байланысты. Қаражаттың игерілмеу себептері: * соңғы екі жыл ішінде 90 күнтізбелік күннен астам мерзімі өткен берешегі болған азаматтарға бюджеттік кредит беруден бас тарту (мысалы, жыл басынан бері 11 маманға бас тартылған); * аудан орталығындағы тұрғын үй бағасының жоғары болуы салдарынан кезекте тұрған мамандардың әлеуметтік қолдау шаралары аясында қарастырылған қаражат көлеміне сәйкес келетін тұрғын үй таба алмауы.
2022 жылдың бірінші жартыжылдығында «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы ақпарат
АҚПАРАТ 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы «Нұра ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығымен бекітілген «Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен салаларының мамандарына, сондай-ақ кенттер, ауылдар және ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне ауылдық елді мекендерде жұмыс істеу және тұру үшін келген жағдайда әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларына» сәйкес, 2022 жылы көтерме жәрдемақы мөлшері 100 АЕК, яғни 306,3 мың теңге, ал бюджеттік кредит мөлшері 1500 АЕК, яғни 4 594,5 мың теңге болып белгіленді. 2022 жылға ауылдық жерге келген мамандарға 55 адамға жалпы сомасы 16 846,5 мың теңге көлемінде көтерме жәрдемақы төлеу және 41 маманға тұрғын үй сатып алуға жалпы сомасы 188 374,5 мың теңге көлемінде бюджеттік кредит беру жоспарланған. 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында 26 маманға жалпы сомасы 7 999,0 мың теңге көлемінде көтерме жәрдемақы төленді. Оның ішінде: * білім беру саласында – 15 адамға 4 594,5 мың теңге; * денсаулық сақтау саласында – 6 адамға 1 849,5 мың теңге; * спорт саласында – 1 маманға 306,3 мың теңге; * агроөнеркәсіптік кешен саласында – 2 маманға 624,3 мың теңге; * мемлекеттік қызметшілерге – 2 адамға 624,3 мың теңге төленді. Тұрғын үй сатып алуға арналған бюджеттік кредиттер бойынша 6 маманның өтінімі мақұлданып, жалпы сомасы 27 567,0 мың теңге көлемінде қаржыландыру Аграрлық несие корпорациясы арқылы қарастырылды. Қазіргі уақытта құжаттар рәсімдеу сатысында. Сонымен қатар, мамандардың бюджеттік кредиттерді өтеуі өзекті мәселелердің бірі болып қалып отыр. Аграрлық несие корпорациясының 2022 жылғы 11 шілдедегі деректеріне сәйкес, тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған мамандардың жалпы санының 25%-ын құрайтын 63 қарыз алушының жалпы сомасы 5 046,5 мың теңге мерзімі өткен берешегі бар. Қазіргі уақытта 4 қарыз алушыға қатысты материалдар сотқа жолдау үшін дайындалуда. Кредиттік берешектің туындауына жол бермеу мақсатында аудандық экономика және қаржы бөлімінің мамандары мен Аграрлық несие корпорациясы тарапынан тұрақты түрде түсіндіру және бақылау жұмыстары жүргізілуде.
"Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша 2021 жыл және 2022 жылдың 1 тоқсанында көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шараларының көрсетілуі туралы есеп
АҚПАРАТ 2021 жыл және 2022 жылдың І тоқсанындағы көтерме жәрдемақы мен тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит беру түріндегі әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы «Нұра ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығымен бекітілген «Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен салаларының мамандарына, сондай-ақ кенттер, ауылдар және ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне ауылдық елді мекендерде жұмыс істеу және тұру үшін келген жағдайда әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларына» сәйкес, 2021 жылы көтерме жәрдемақы мөлшері 100 АЕК көлемінде белгіленіп, 291,7 мың теңгені, ал бюджеттік кредит мөлшері 1500 АЕК көлемінде белгіленіп, 4 375,5 мың теңгені құрады. 2021 жылы 41 маманға жалпы сомасы 11 959,7 мың теңге көлемінде көтерме жәрдемақы төленді. Оның ішінде: * білім беру саласында – 28 адамға 8 167,6 мың теңге; * денсаулық сақтау саласында – 8 адамға 2 333,6 мың теңге; * спорт саласында – 1 маманға 291,7 мың теңге; * агроөнеркәсіптік кешен саласында – 3 маманға 875,1 мың теңге; * мемлекеттік қызметші – 1 адамға 291,7 мың теңге төленді. Тұрғын үй сатып алуға арналған бюджеттік кредиттер 22 маманға жалпы сомасы 94 700,0 мың теңге көлемінде Қарағанды облысы бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы берілді. Желтоқсан айында қор «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-мен біріктірілуіне байланысты, бұдан былай барлық төлемдер мен несиелерді өтеу аталған корпорация арқылы жүзеге асырылатын болады. 2022 жылға көтерме жәрдемақы мөлшері 306,3 мың теңге, ал бюджеттік кредит мөлшері 4 594,5 мың теңге болып белгіленді. 2022 жылы ауылдық жерге келген мамандарға: * 55 адамға жалпы сомасы 16 846,5 мың теңге көлемінде көтерме жәрдемақы төлеу; * 41 маманға тұрғын үй сатып алу үшін жалпы сомасы 188 374,5 мың теңге көлемінде бюджеттік кредит беру жоспарланды. 2022 жылдың І тоқсанында 18 маманға жалпы сомасы 5 513,4 мың теңге көлемінде көтерме жәрдемақы төленді. Оның ішінде: * білім беру саласында – 12 маман; * денсаулық сақтау саласында – 5 маман; * мемлекеттік қызметші – 1 адам. Тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредиттерді беру мамыр айынан бастап жоспарлануда. Себебі кредиттік шарттың болмауына байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі тарапынан қаражатты игеру мерзімі наурыз айынан кейінге ауыстырылды.
"Дипломмен ауылға" бағдрламасы бойынша 2020 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шараларының көрсетілуі туралы есеп
АҚПАРАТ Ауылдық елді мекендерге жұмысқа келген білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт салаларының мамандарына, агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлеріне, кенттер, ауылдар және ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын көрсету бағдарламасы туралы «Дипломмен ауылға» әлеуметтік қолдау шаралары бағдарламасы іске асырылған уақыттан бері 510 маманға жалпы сомасы 75 899,0 мың теңге көтерме жәрдемақы төленді. Оның ішінде негізгі үлесті білім беру саласының қызметкерлері – 70%, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері – 20%, мәдениет саласының қызметкерлері – 5%, агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлері – 4%, спорт саласының қызметкерлері – 1% құрайды. Тұрғын үй сатып алу үшін 230 маманға жалпы сомасы 626 449,0 мың теңге бюджеттік кредит берілді. Оның ішінде білім беру саласының қызметкерлері – 68%, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері – 21%, мәдениет саласының қызметкерлері – 7%, агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлері – 4%, спорт саласының қызметкерлері – 1%. 2021 жылға ауылдық елді мекендерге жұмысқа келген 55 маманға жалпы сомасы 16 044,0 мың теңге көлемінде көтерме жәрдемақы төлеу жоспарланған. Қазіргі уақытта 18 маманға жалпы сомасы 5 250,6 мың теңге көтерме жәрдемақы төленді. Көтерме жәрдемақының мөлшері 100 АЕК-ті құрайды, яғни ағымдағы жылы бұл 291 700 теңге. Сондай-ақ, 2021 жылға тұрғын үй сатып алу үшін 22 маманға жалпы сомасы 96 261,0 мың теңге көлемінде бюджеттік кредит беру жоспарланған. Қазіргі уақытта «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 6 маманға жалпы сомасы 24 914,0 мың теңге көлемінде кредит берілді. Берілетін бюджеттік кредиттің ең жоғары мөлшері 1500 АЕК-тен аспауы тиіс, яғни 2021 жылы бұл сома 4 375,5 мың теңгені құрайды.