Қазақстан мен Грузия: мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы әріптестік

    karaganda-balkhash

    karaganda-balkhash·

    Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мен Грузияның Әділет үйі мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін дамытуға және халықпен жұмыс істеу тетіктерін жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат тараптардың тәжірибе алмасып, азаматтардың заманауи сұраныстарына сай тиімді шешімдерді бірлесіп әзірлеуге ниетті екенін айқындайды.

    Ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының қатарында халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын ұйымдастырудағы үздік тәжірибелермен алмасу, жасанды интеллект технологияларын, роботтандыру мен процестерді автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып цифрлық қызметтерді дамыту көзделген. Сондай-ақ қызмет көрсету сапасының заманауи стандарттарын енгізу арқылы клиенттік тәжірибені жетілдіруге ерекше назар аударылатын болады.

    «Себебі жаңа технологиялар мен заманауи үрдістерді уақытында меңгеру өте маңызды.Біздің мақсатымыз - тек жақсы тәжірибемен танысу емес, олардың ішіндегі ең тиімдісін таңдап, Қазақстан азаматтарының қажеттіліктеріне бейімдеу. Сонымен қатар бұл - өзара тиімді серіктестік. Бүгінде Қазақстан мемлекеттік қызметтерді цифрландыруда жақсы нәтижелерге қол жеткізген елдердің бірі. Сондықтан біз халықаралық тәжірибені үйреніп қана қоймай, өз жетістіктерімізбен де бөлісуге дайынбыз», - деп атап өтті мемлекеттік корпорация басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.

    Меморандум кадрлық әлеуетті дамыту бағытындағы ынтымақтастықты да қамтиды. Тараптар бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруды, қызметкерлердің біліктілігін арттыруды, сондай-ақ тағылымдамалар мен оқыту іс-шараларын ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар өзара қызығушылық тудыратын ғылыми-зерттеу және талдамалық жобаларды қолдауға ерекше көңіл бөлінеді.

    «Бұл сапар біз үшін ерекше маңызға ие. Себебі ол жылдар бойы жинақталған тәжірибе мен практикалық шешімдермен алмасуға мүмкіндік береді. Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою өзара ықпалдастықтың жаңа кезеңін бастап, жүйелі әріптестіктің негізін қалайды», - деді Грузияның Әділет үйінің төрағасы Вахтанг Жвания.

    Айта кетейік, екі күндік сапар аясында қазақстандық делегация Грузияның Әділет үйінде болып, халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысымен, қолданыстағы цифрлық шешімдермен және клиенттер ағынын басқару жүйесімен танысты. Сондай-ақ Грузия Ішкі істер министрлігінің Сервистік агенттігі мен Грузия Әділет оқу орталығында кездесулер өтіп, тараптар алдағы ынтымақтастықтың дамуын талқылады.

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Балқаш қаласының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі бойынша 2020 жылғы қызметі туралы есеп

    Балқаш қаласының жергілікті атқарушы органдары 78 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. 2020 жылдың 12 айында 25781 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 3614 -і қағаз түрінде ұсынылғаны, қағаз түрінде бірақ «электрондық үкіметтің» веб-порталы және / немесе Мемлекеттік корпорация 4691 арқылы ұсынылуы мүмкін, мемлекеттік корпорациясы арқылы 6194 және электронды түрде 11282 қызмет. Бекітілген бақылау іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2020 жылдың басынан бастап 39 бақылау іс-шаралары өткізілді. Бақылау шараларымен қамтылған объектілер саны - 39 (оның ішінде: 8 ЖАО, 31 ведомстволық бағыныстағы ұйымдар). Бақылау шаралары барысында заң бұзушылықтар анықталған жоқ. Есепті кезеңде мемлекеттік қызметтердің сапасына шағымдар болған жоқ. Сонымен бірге, 2020 жылдың 12 айында мемлекеттік мекемелер мемлекеттік қызметтерге қатысты 104 түсіндіру шараларын өткізді, халықты қамту 672 адамды құрайды. Мемлекеттік қызметтерді электронды форматта алу мүмкіндігі туралы халықты ақпараттандыру мақсатында инстаграм әлеуметтік желілері арқылы мемлекеттік қызметтердің онлайн-жәрмеңкесі өткізілді. Мемлекеттік органдардың 92 қызметкері біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Барлық мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта көрсетуге және мемлекеттік қызмет алушылардың санын көбейтуге арналған өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштары орналасқан.

    karaganda-balkhashЖарияланды:
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.