АЛҒАБАСАУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІ ЛАУАЗЫМЫНА
КАНДИДАТТАР ТІРКЕЛДІ
СЫРЫМ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына және 113-5-бабына сәйкес Сырым ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2026 жылдың 12 маусым күні Алғабас ауылдық округі әкімінің лауазымына келесі кандидаттарды тіркеді:
- Илашева Перизат Болатовна – 26.10.1993 ж.т, Сырым ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы, Жымпиты ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынды;
- Нургалиев Турарбек Нурболатович – 05.08.1985 ж.т, «Сырым» МКҚК директоры, Жымпиты ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынды;
- Уразов Нурымбек Айбекович – 10.05.1994 ж.т, Жымпиты ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Өлеңті ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынды.