«Таза Қазақстан» – тұрғындардан өтінім қабылдауға арналған жаңа сервис

    atyrau-mahambet

    atyrau-mahambet·

    «Таза Қазақстан» – тұрғындардан өтінім қабылдауға арналған жаңа сервис

    TazaQazBot – «Таза Қазақстан» акциясы аясында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі әзірлеген Telegram чат-боты. Ол қалалық инфрақұрылым мен экологияға қатысты мәселелерді шешу бойынша өтінімдерді қабылдау үдерісін жеңілдетуге арналған.

    Оның көмегімен азаматтар жолдардың, саябақтардың, кіреберістердің жағдайы, көше жарығы, абаттандыру жұмыстары, сондай-ақ қоғамдық және жеке аумақтардың санитариялық жай-күйіне қатысты түрлі мәселелер туралы жедел түрде хабарлай алады.

    Пайдаланушылар проблемалы орындарды суретке түсіріп немесе галереядан фотосуреттерді жүктей алады, нақты орналасқан жерін көрсетіп, мәселені егжей-тегжейлі сипаттай алады.

    Өтінім жіберілгеннен кейін ақпарат жергілікті атқарушы органның операторына түседі. Оператор өтінімді санаттарға бөліп, орындаушыны тағайындайды. Өтінім санатына қарай орындаушының жұмысты аяқтау мерзімі белгіленеді.

    Жұмыс аяқталғаннан кейін орындаушы орындалған жұмысты растайтын фотосуретті және қажет болған жағдайда түсіндірме пікірді қоса тіркейді.

    Пайдаланушылар Telegram чат-боты арқылы орындаушының тағайындалғаны және жұмыстың аяқталғаны туралы хабарламаларды алады. Сонымен қатар, олар орындалған жұмыстың сапасын бағалап, өздерінің барлық өтінімдерін көре алады.

    «Таза Қазақстан» сервисі әрбір азаматқа өз қаласындағы тазалық пен тәртіпті сақтауға белсенді қатысуға мүмкіндік беру арқылы халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.

    TazaQazBot-ты пайдалану үшін Telegram қосымшасы орнатылған болуы қажет. Ботқа келесі сілтеме арқылы өтуге болады:

    https://t.me/TazaQazBot

    Ботты іске қосқаннан кейін өтінім беру үшін нұсқаулықтарды орындаңыз.

    TazaQazBot функционалымен толығырақ танысу үшін келесі бейнероликті көре аласыз:

    https://youtu.be/GS3aKSEHnSA

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.