Хабарлама

    Ерейментау ауданының әкімдігі

    Хабарлама

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 14 бабының 9) тармақшасына, 45 бабына, 46 - баптың 3 тармағына, 113-11 бабының 1 тармағына сәйкес Ерейментау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 16 маусымдағы шешімімен 2026 жылғы 14 маусымда өткен сайлау қорытындысы бойынша:

    Ибатов Жандос Сабыржанұлы Ерейментау ауданы Ақсуат ауылының әкімі болып тіркелді.

    Ерейментау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы З.Жүсіпова әкім куәлігін табыс етті.

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Ерейментау ауданы Олжабай батыр атындағы ауылдық округ әкімін сайлауы бойынша сайлау округінің шекарасы, аудандық және учаскелік сайлау комиссияларының орналасқан жері мен құрамы туралы хабарлама

    Ерейментау ауданы Олжабай батыр атындағы ауылдық округ әкімін сайлауы бойынша сайлау округінің шекарасы, аудандық және учаскелік сайлау комиссияларының орналасқан жері мен құрамы туралы хабарлама «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 13-бабының 4-тармағына, 17- бабының 2-тармағына, 22-бабының 2 тармағына сәйкес, Ерейментау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 10 маусымдағы №21/105 «Ерейментау ауданы Олжабай батыр атындағы ауылдық округ әкімін сайлауды тағайындау туралы» қаулысына сәйкес сайлау округінің шекарасы, аудандық және учаскелік сайлау комиссияларының орналасқан жері мен құрамы туралы хабарлаймыз. Ерейментау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Орналасқан жері: Ерейментау қаласы, Ш.Уәлиханов көшесі, 43 «Г», тел.8(71633)2-32-45 Төрайымы – Зенеп Байваққызы Жүсіпова; төрайымның орынбасары - Зухра Серікқызы Ербатырова; хатшы – Гүлдана Бекенқызы Мамбеталина; комиссия мүшелері: Светлана Петровна Гапеева, Жанна Мұратқызы Рустимова, Гүлбағдат Төкенқызы Сағиева, Алмас Хасенұлы Смағұлов. Ерейментау ауданы Олжабай батыр атындағы ауылдық округ әкімін сайлау бойынша сайлау округі - Ерейментау ауданы Олжабай батыр атындағы ауылдық округ шекарасындағы Олжабай сайлау округі № 394 сайлау учаскесі. Орналасқан жері: Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Олжабай батыр атындағы ауыл, Шәмшит Байтуаров атындағы көше, 15, мектеп ғимараты, тел. 87163334198. Учаскелік сайлау комиссиясының құрамы: төрайымы – Есентаева Сәуле Төкенқызы; төрайымның орынбасары - Тайғанов Төлеубай Мәжитұлы; хатшы – Жанимхан Кулатай; комиссия мүшелері: Балкенова Дина Абухамитқызы, Депутат Нұрсәуле. Ерейментау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

    Ерейментау ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Хабарлама

    Хабарлама 2026 жылғы 14 маусымда Ерейментау ауданы Ақсуат ауылы әкімін сайлауы өтті. Ерейментау аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10 бабына сәйкес, Ерейментау ауданының Ақсуат ауылының әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі: Ақсуат сайлау округі бойынша Ақсуат ауылы әкімінің сайлауы: Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 281 азамат енгізілді, оның ішінде 162 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 7, «барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 5. Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны: Ершова М.Л. – 4; Ибатов Ж.С. – 129; Исенова Қ.Б. – 17. Ақсуат ауылы әкімі болып Ибатов Жандос Сабыржанұлы сайланды, 1996 жылы туған, «Ақсуат ауылы әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Ақсуат ауылында тұратын, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған. Ерейментау аудандық сайлау комиссиясы

    Ерейментау ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    2021-2023 жылдарға БЮДЖЕТТІК БАҒДАРЛАМА (Отдел внутренней политики)

    2021-2023 жылдарға БЮДЖЕТТІК БАҒДАРЛАМА (Отдел внутренней политики)

    Ерейментау ауданының әкімдігіЖарияланды:
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.