2026 жылғы 3 наурыз № 11-ө
2026 жылға арналған сыбайлас жемоқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жоспар-кестесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес:
- Науырзым ауданының жергілікті атқарушы органдарының және ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметіне 2026 жылға арналған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі қоса беріліп отырған жоспар-кестесі осы өкімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Науырзым ауданының жергілікті атқарушы органдарының және ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі қоса беріліп отырған жұмыс тобы осы өкімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Науырзым ауданының жергілікті атқарушы органдарының және ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшылары сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бекітілген мерзімде жүргізілуін қамтамасыз етсін.
- Осы өкімнің орындалуына бақылау жасау Науырзым ауданы әкімі аппаратының басшысы К.О. Қалиеваға жүктелсін.
- Осы өкім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің
міндетін атқарушы А. Тілеубергенов