Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 20 ақпандағы № 304-VI Жарлығымен Қазақстан Республикасы салық базасын эрозиялауға және пайданы салық салудан тысқары шығаруға қарсы шараларға қатысты салық келісімдерін орындау бойынша Көпжақты конвенцияға (бұдан әрі – Көпжақты конвенция) қосылды, нәтижесінде Қазақстан Республикасы жасасқан және бекіткен, Көпжақты конвенция қолданылатын қос салық салудан сақтану туралы барлық келісімдер Көпжақты конвенцияның жаңа ережелерімен толықтырылады.
Көпжақты конвенция, егер Қазақстан Республикасы және серіктес-мемлекет Көпжақты конвенцияны бекітіп, осы серіктес-мемлекетті Көпжақты конвенция ережелері қолданылатын келісімдер тізіміне енгізсе, қолданылады. Көпжақты конвенция ережелерін ескере отырып, қос салық салудан сақтану туралы келісімдердің түпкі нұсқасы әрбір серіктес-мемлекеттің таңдауына байланысты және ол Көпхақты конвенцияда көзделген сақтанымдар мен хабарламаларға байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Қазақстан Республикасы қабылдаған Көпжақты конвенция ережелерін ескере отырып, қос салық салудан сақтану туралы келісімдерді қолданудың ыңғайлылығы үшін біз сіздерге осы келісімдердің Көпжақты конвенция ережелерімен біріктірілген мәтіндерін ұсынамыз.